Page 60 - indexf
P. 60

3.5.1 Валентин Шашин бұрғылау кемесі

     Дизель-электрлі бұрғылау кемесі Валентин Шашин, бұрғылау кемелерінің
«ІНС» түріне жатады. Ол теңіз және қайраң акваторияларының тереңдігі 300 м
дейін, тереңдіктері 6500 м дейінгі мұнай-газ ұңғымаларында іздеу және барлау
жұмыстарын жүргізуге арналған.

     Кеме тұрқы, жабдықтар, құбырлар, кабельдер кеменің жоғарғы палубасын-
да орналасқан, олар төмен температураның (-40°С дейін) ұзақ әсеріне шыдам-
ды материалдардан жасалған. Шығын материалдардың қорлары, азық-түлік,
тұщы су және тағы басқалар кеменің 100 тәулікке жұмыс істеуін камтамасыз
етеді. Кеменің жүзуі және метеорологиялық жағдайларда кемемен бұрғылау
жұмыстарынын қамтамасыз етілуі (3.5-кестеде) көрсетілген.

     Ұңғыманы бұрғылау кезінде, кеменің ұңғыма центрінен максималды
ауытқуы су тереңдігінің 0-5%, ал бұрғылау тізбегі ұңғыма ішінде болғанда
(бұрғылау жүргізілмегенде) су тереңдігінің 5-10% аралығында белгіленген.
Шек қойылған пайдалану ауданында кемені пайдалануға болатын ауаның ең
төмен температурасы – 25°С. Судың ең жоғарғы температурасы +32° С және ең
төмен температурасы – 3°С.

     Кеменің қауіпсіздігі, оның тұрқының ортаңғы бөлігінің екі қабырғалы етіп
жасалуы жақсартылып құтқару құрал-жабдықтары 100 адамға есептелінген.
Фекальді ағын сулар екі биологиялық тазалау қондырғыларында өңделеді.
Өңдеуде бөлінген қалдықтар контейнерлерде жинақталып мезгіл-мезгіл жағаға
шығарылып тұрады.

     Бұрғылау ерітіндісінен бөлінген мұнай факельдегі арнайы форсункада
жағылады. Бұрғылау кемесі үш бөліктен тұрады (3.1-сурет).

     1. Кеменің тұмсық бөлімі үш твиндектерге бөлінген. N3 твиндекте (кильдік
сызықтан 4100 мм) рульдеу құрылғылары 29 және көмекші қозғалтқыштар
бөлмесі бар. N2 твиндекте (кильдік сызықтан жоғары 7155 мм 28: құрғақ азық-
түліктер үшін рефрижераторлық бөлмелер, ағын суларды тазалау қондырғысы,
ауыз суы мен пайдалану суына арналған екі-екіден сыйымдылықтар орналасқан.
N1 твиндекте (кильдік сызықтан жоғары 10055 мм) 23 құрғақ азық-түлік және
заттар қоймалары, дәретханалар, монша, экипаж каюталары орналасқан.

     Тұмсық бөлімінде, бас палуба астында шынжырлы жәшіктері бар форпик
орнатылған. Тұмсық бөлігінде, бас палуба ауданында 18 камбуз, кір жуатын
бөлме, дәретханалар, киім және төсек-орын сақтауға арналған бөлмелер, асхана-
лар, зәкірлік лебедкасы бар жарты бак палубасы 13 және рульдеу құрылғысының
үстінде люк орналасқан.

         60

МАЗМ¦НЫ
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65