Page 66 - indexf
P. 66

тізбектер бұрғылау құбырларымен түсіріліп, оның астындағы аралық, гидромо-
ниторлы сығындамалармен жабдықталған аспаптармен өтеді.

     Бағыттаушы тізбекті орнатқаннан кейін, бағыттаушы арқандардың тұрақты
түйінін жинақтайды. Бұл түйін төртбұрышты қырлары бар тегіс рамадан тұрады,
оның қырлары сфераға сәйкестелініп егелген. Бұл жағдай тізбекті конусқа ор-
нату кезінде теңіз түбінің тегіс болмауынан пайда болатын суасты негізінің
көлденең ауытқуын теңестіруге мүмкін береді. Рама бұрыштарына арқан бой-
лай өтетін тілегі бар бағыттаушы өзектер орналасқан, оның орталық бөлігіне
бағыттаушы тізбектің жоғарғы құбыры бекітіледі. Бұрғылау құрылғыларын
бағыттаушы тізбектен ажыратқаннан кейін, оларды ЖБҚ-на көтереді, сонан
кейін ашылатын бағыттаушы кронштейінді пайдаланып, сағалық құбырлар
орнын қазуға арналған қашау түсіріледі. Сағалық құбырлар орнын қазғанда
бұрғылау сұйығы сораптармен бұрғылау тізбегіне айдалып, су асты қадаушасы
арқылы кемеге қайта оралады.

     Бұл жағдайда ұңғыма сағасына САСЖ орнатылады. САСЖ құрамына 7-14
МПа қысымға есепелген әмбебап превентор, оның үстіне топсалы қосылғыш
түйіні қондырылған. Қосылғыш арқылы САСЖ-пен суасты қадаушасының
төменгі шеті жалғанады. Сағалық тізбекті түсіргеннен кейін, оны гидравликалық
сынаудан өткізеді. Сағалық тізбектің астын бұрғылау мақсатында, ұңғыма
сағасын негізгі превонторлық жабдық жинағымен герметизацияланады. Мұндай
жинақтың массасы 227 т дейін жетеді.

     Оның құрамына төрт қыстырмалы және екі әмбебап превентор кіреді.
Қыстырмалы превенторға құбырлық, тұтас және құбырларды кесіп, онан кейін
ұңғыманы герметизациялайтын кескіш қыстырмалар орнатылады. Топсалы
қосылыс суасты қадаушасының, превенторларға салыстырмалы ауысуын әр
бағытта 10 шегінде қамтамасыз етеді.

     Теңіз мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясының құрлықта
қазылатын ұңғымалардан негізінен айырмашылығы жоқ. Бірақ теңіз жүзбелі
бұрғылау қондырғыларынан (БК, ЖБЖБҚ) ұңғыманы бұрғылаудың өзіндік
ерекшеліктері бар.

     Бұрғылау кезінде ұңғыманың үстіне орналасқан және теңіз түбіне бекітілген
бұрғылау кемесі, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын саға жабдықтарын
біршама қозғап тұрады. Бұрғылау тізбегінің тік ауысуын жою үшін, тәл бло-
гы мен ілмек арасына арнайы құрылғы тік ауысуларды теңелту компенсаторы
қойылады. Кеменің көлденең қозғалыстары, су астындағы атқылауға қарсы
қолданылатын жабдықтар мен қондырғы палубасының арасына орнатылған, су-
дан бөлектейтін тізбек (қадауша) арқылы жойылады.

     Бұрғылау мұнарасы – бұрғылау кезінде және ұңғыманы қазумен аяқтап басқа
жаңа нүктеге көшкенде де, шайқалыстан пайда болатын қосымша динамикалық
күштердің әсерінен де болады.

     Ұңғыманы жуу айналым жүйесінде, бұрғылау ерітіндісін тазарту және да-
йындау жабық және тұйық жағдайда орындалады. Өйткені ашық науа жүйесін

         66

МАЗМ¦НЫ
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71