Page 67 - indexf
P. 67

қолдану, кеменің шайқалуының әсерінен қиындыққа түседі. Технологиялық
жабдықтарды монтаждап, орналастыру үлгісінің де, құрлықтағыдан өзгешелігі
бар. Бұрғылау кемесінде технологиялық жабдықтарды есеппен орналастыру,
ұңғыманы қазған кезде бұрғылау кемелерін жобалағанда, оларға қойылатын
технологиялық талаптарды (жүзуге жарамдылық сапасы, беріктігі, ашық теңіз
акваторияларында қауіпсіз жүзу және жұмыс жүргізу, сонымен қатар теңізде
өндіріс жұмыстарын жүргізуді басқарып отыратын жауапты органдардың
басқа талаптарына сәйкес болуы) қамтамасыз етуден туындайды. Бұрғылау
жабдықтарының басқа түйіндері, құрлықтағымен ұқсас.

     Күмбезді бұрғылау мұнарасы. Әлемдік тәжірибеде қабылданған есеп-
теу әдістемесі бойынша мұнара (3.8-кестеде көрсетілгендей) жүктемелер
тіркестерінің төрт жағдайына есептелген. Мұнара Байрон Джексон фирмасының
V типтес ТКО механизмдерімен, тік тербелісті теңелту компенсаторымен NL
Шаффер ХS, тәл блогымен, ілмекпен, вертлюгпен (сәйкес мүмкін жүктемелерімен
4900, 4080, 4080 кН), жұмыс қысымы 34 МПа икемді шлангімен жабдықталған.

     Мұнара асты негізінің пісірілген конструкциясы, бұрғылау мұнарасын, су-
дан бөлектейтін тізбектің алты тарту құрылғыларын және керу кұрылғыларының
бағыттаушы шкивтерін қондыруға арналған жұмыс алаңшасы (базасы) бо-
лып саналады. Еден негізінің орталық бөлігінде САСЖ блогын түсіру үшін
4100x4100 мм қуыс бар. Кеменің тұмсық бөлігінің есіктері қуаты 3,3 кВт
пневмоқозғалтқышпен іске қосылады.

     Артқы бөлік ішінде қондырғыға судан бөлектейтін тізбектің секцияларын
тартып-жеткізу үшін арбасы бар алаңша орналасқан. Мұнара негізінің астына
үш жұмыстық қайырмалы алаңшалар қондырылған.

     Негіздің қақ ортасына, столының 1257 мм өткізгіш тесігі бар ротор
орнатылған. Бұрғылау лебедкасының диаметрі 163 мм гидротежегіші және
“Ельмаго” 7838 модельді тежегіші бар.

     Бұрғылау шеберінің (кабинасында) бөлмесінде:
     -	 бұрғылау лебедкасын басқару пульті;
     -	 судан бөлектейтін тізбекті керу құрылғысын басқару пульті;
     -	 су асты превенторларды басқару пульті;
     -	 кемені белгілі бір нүктеде ұстауға арналған автоматты жүйенің дисплейі;
     -	 бұрғылау ерітіндісінің ағынын басқару мнемосхема және т.б. орналасқан.
     Сонымен қатар хабарласатын құрылғы және басқа жабдықтар (ілмектегі
жүктемені, ротордың айналу жиілігі мен айналдыру моментін, ұңғымаға
кіру және шығу кезіндегі бұрғылау ерітіндісінің шығынын, бұрғылау
сұйығының қысымын, ерітіндінің құрамындағы газ үлесін, ерітіндінің жұмыс
сыйымдылықтарындағы көлемін, ұңғымаға кіру және шығу кезіндегі бұрғылау
ерітіндісінің тығыздығы мен температурасын, бұрғы сорабының жүріс са-
нын, бұрғылау сұйығының ұңғымаға кіру және шығу мөлшерінің айырымын
көрсеткіш аспаптар) бар.

         67

МАЗМ¦НЫ
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72