Page 65 - indexf
P. 65

Ұшып-қону алаңшасы 7 тік ұшақтардың ұшып-қонуына арналған. Ұшып-қону
алаңшасы бруспен (комингспен) қоршалған.

     Ұшып-қону алаңшасында тік ұшақты байлайтын және бекітетін құрылғылар
қарастырылған.

                              3.6 Технологиялық жабдықтар

     Теңіз ұңғымаларын бұрғылаудың құрлықтағы ұңғымалармен
салыстырғандағы айырмашылығы шамалы (ерекшелігі тек су астындағы
жабдықтарын қолдану). Сондықтан теңіз бұрғылау қондырғыларын жинақтау
үшін құрлықтағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын сериялы, стан-
дартты түйіндермен жабдықтарды пайдалануға болады. Жүзбелі бұрғылау
қондырғыларында қолданылатын технологиялық жабдықтардың негізгі
ерекшеліктері:

     1.	 Бұрғылау қондырғысының шайқалу кезінде, теңселумен байланысты,
          құрлықтағыдай жуу сұйығының ашық айналым жүйесін қолдануға бол-
          майды. Жуу сұйығының айналымы жабық жүргізілуі тиіс.

     2.	 Жүзбелі бұрғылау қондырғыларында толқын әсерінен пайда болған
          тік теңселуді теңелту үшін, арнайы бұрғы мұнарасында орналасқан
          қозғалмалы крон блокқа немесе тәл блогы мен ілмек арасында
          орналасқан, ауысымды құрылғы компенсатор қондырылады.

     3.	 Көтеріп-түсіру операциялары кезінде негізінен кассетті түрдегі
          механикаланған текшелер (стеллаждар) қолданылады.

     4.	 Барлық механизмдерге жетектеуші ретінде электроқозғалтқыш
          қолданады.

     5.	 Тайыз ұңғымаларды қазғанда бұрғылау тізбегі ретінде шлангалы кабель
          қолданылады. Мұндай құбырлардың иімділгіш қасиеттеріне байланыс-
          ты, аспаптың теңселуі мен орын ауыстыруы тиісті шешімін табады.

     Теңіз ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, міндетті түрде, суас-
ты сағалық жабдықтарды орнату қажет. ЖБҚ бұрғылау нүктесіне орнатылғаннан
кейін, одан теңіз түбіне бағыттаушы арқандармен уақытша суасты негіз түсіріледі.
Суасты негіз төрт бұрышты қорапқа ұқсас пісірілген конструкция. Оның орта-
сына, жоғарғы жағы конус тәріздес төлке орналасқан. Негіз бұрыштарына қысқа
таяқшалар бекітілген, олар арқылы бағыттаушы арқандар өткізіледі. Негізді ар-
найы қондырғы аспабымен бұрғылау тізбегі түсіріледі. Отырғызу кезінде, негіз
астындағы металл пластинкалары ысырылғанда, байонетті қосылысты боса-
ту мүмкіндігі туады. Онан кейін, бағыттаушы арқандар арқылы суасты негізгі
бағыттаушы құбырлар тізбегінің орнын қазу үшін, бұрғы қашауы түсіріледі.
Қашау үстіне екі кронштейіні бар қашауды енгізгенде кронштейіндер ашыла-
ды және арқандар мен құрылғы жоғары көтеріледі. Егер бағыттаушы құбырлар
тереңдігі бір рейсте қазылып өтілмесе, кронштейндер бірнеше рет пайдалануы
мүмкін. Егер теңіз түбіндегі жыныстар өте жұмсақ болса, онда бағыттаушы

         65

МАЗМ¦НЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70