Page 71 - indexf
P. 71

2500 л кысымы 0,5 МПа бір ауа баллоны бұрғылау сораптары бөлімінде
орналасқан). Қаптарды сақтайтын қоймада көпірлі кран қондырылған.

                           3.9 Тік қозғалыстар компенсаторы

     Тік ауысулар компенсаторы – кеменің тік қозғалысының тәл блогына
ілінген бұрғылау тізбегін және басқа да құрылғыларға әсерін жоюға арналған.
Бұдан басқа, компенсатор қашауға берілетін жүктемені тұрақты ұстап тұрады
және бұрғылау тізбегінің ұңғыма түбіне салыстырмалы тұрақты жағдайын
қамтамасыз етеді. Компенсатор сонымен қатар, ерітінді атқылауынан
сақтау операцияларының сенімділігін арттырады, өйткені превентордың
қыстырмаларын жапқанда бұрғылау тізбегі козғалмайды, соның арқасында
қыстырмалардың резеңке тығыздатқыштары зақымдалмайды. Компенсатор
конструкциялары, кронблок үстіне немесе тәл блогы мен ілмектің арасына
орналасқан түрлерге бөлінеді. Кронблок үстінде орналасқан компенсаторлардың
артықшылығы ретінде икемді, жоғары қысымды шлангілердің жоқтығын және
стандартты мұнараларды қолдану мүмкіндігін айтуға болады. Бірақ олардың
елеулі кемшіліктері: салмағының өсуі және бұрғылау мұнарасының ауырлық
центрінің жоғарылауы, арқандардың, тозуының артуы, рычагті механизмнің
болуы, қозғалатын бөліктердің үлкен салмағы және түйіндермен қызмет етудің
қиындығы. Осы себептердің әсерінен жоғарыда орнатылатын компенсатор-
лар көп таралмаған. Тәл блогына ілінетін компенсаторлар салмақтарының
аздығынан, стандартты тәл блогына жылдам қондыруға болатындықтан, кеңінен
қолданылады. Мұнара биіктігін өсірмеу үшін компенсаторлар екі күш цилиндр-
лермен жабдықталып, тәл блогынің бүйір жақтарына орналасады.

     Көбінесе, пайдалану қарапайымдылығын ескеріп, компенсатордың пассивті
түрін қолданады. Бұл конструкцияда газдың аккумулятор баллондарында ұлғаю
және сығылу табиғи үдерістері колданылады және газ параметрлерінің өзгеруі
қосымша энергиясыз, күштің ілмекке әсерінен болады.

     Активтік жүйелердегі теңелтулер газдың немесе сұйықтың параметрлеріне
қосымша әсер етеді, мысалы аккумулятор поршенінің гидравликалық ілесу
жүйесі көмегімен, күшпен жылжуы. Бұндай жүйе «Гломар Челленджер» ғылыми-
зерттеу кемесінде орнатылған компенсаторларда қолданылды. Активтік теңелту
жүйелерін колдану қашауға берілген жүктеме шамасын ±7 кН дәл ұстап тұруға
мүмкіндік береді, бұның өзі ғылыми-зерттеу жұмыстарында көңіл аударарлық
іс (керн алғанда және т.б.).

     Валентин Шашин кемесіне «NL Ракер Шаффер» (3.2-сурет) фирмасының
тік қозғалыс компенсаторы қондырылған. Компенсатор тәл блогымен (13) топ-
салы қосылған жоғарғы траверстен (14) және ілмек ілінген төменгі траверстен
(15) тұрады. (14) траверске екі гидропневматикалық цилиндрлер (7) және алты
шынжырлардың шеттері қосылған.

         71

МАЗМ¦НЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76