Page 85 - indexf
P. 85

тордан оқпанды бұрғылау кезінде жұмысты суасты кемесінен бұрғылау тізбегіне
бұрғылау сұйығын айдаған кезде жүргізіледі және оған суасты бағана бойымен
қайтады. Кондуктордан бұрғылау кезінде 70-140 кгс/см2 қысымға есептелген
әмбебап превенторы бар саға жабдығының жинағын қолданады. Превентор
үстінде шарнирлі қосындысы бар түйін орналасқан және ол арқылы жиынмен
суасты бағананың төменгі ұшы жалғанған.

     Кондукторды түсіргеннен кейін оны гидравликалық тексеруден өткізеді.
Кондуктордан бұрғылаған кезде ұңғының су асты сағасын массивті бағыттаушы
тіректегі превентордың негізгі жабдығының жинағымен саңылаусыздандырады.
Жинақ жоғарғы және төменгі жағынан гидрожетекті ажыратқыштармен
аяқталған. Мұндай жинақтың салмағы 227 тонна. Оның құрамына төрт плашечті
және екі әмбебап превентор кіреді. Плашечті превенторларда құбырларды
кесетін пышақтары бар құбырлы, бітеу және кесуші плашкілер орнатылған.
Құбыр кесілгеннен кейін ұңғыманы саңылаусыздандырады.

     Шарнирлі қосылыс суасты бағана превенторға қарағанда салыстырмалы
түрде 102 шектеуінде кез келген бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.

     Кондуктордың үстіңгі бөлігінде шегендеуші тізбекке алқа болатын тізбек
головкасы орнатылады. Мұндай головкілер әртүрлі өту қимасының диаметріне
және 35, 70, 140, 350 және 700 кгс/см2 болатын ішкі жұмыс қысымына есептелген
бірнеше типті өлшемді шығарылады. Бұл головкілер екі немесе үш шегендеуші
тізбекті ілуге мүмкіндік береді.

     Жүзбе бұрғылау қондырғыларында әртүрлі тік тербелістерді жоюға
арналған компенсаторлар қолданылады. Компенсаторды бұрғылау мұнараға не-
месе қондырғы бортына орнатады.

     Кейбір бұрғылау немесе ұңғыманы өңдеу кезіндегі іс-шаралар, ұңғымаға
түсірілетіндерді арқан жабдығында қатаң бір анықталған аралықта ұстауын та-
лап етеді. Жүзбе бұрғылау қондырғыда жұмыс іс-шараларын жүргізгенде теңіз
тербелісі күшейгенде бұл талаптар бұзылады. Осыған байланысты салыстырма-
лы түрде қарапайым компенсирлейтін құрылғы ұсынылған (3.9- сурет).

     Ол тәлді блокқа ілінетін және жабық цилиндрлі тұлға (1) ретінде жасалған.
Тұлға манометрмен, сақтандырғыш клапанмен және сығылған ауа беретін
құбырға қосылатын тежегішпен жабдықталған. Тұлға проушин және сырға
(2) көмегімен тәлді блокқа бекінеді. Бұл тұлғада екінші цилиндрлі тұлға (3)
орналасқан. Екі тұлғаның қуыстары бірнеше радиальді каналдар (4) көмегімен
хабарласады. Тұлғалар арасындағы сақиналы кеңістік жұмыс сұйықтығымен 5
толтырылған. Бұл сұйықтықтың деңгейі ішкі тұлғаның жоғарға бөлігіне сей-
кес келеді. Ішкі тұлғада штогы бар поршень (6) орнатылған. Оның жоғарғы
бөлігі ішкі тұлғаның арнайы алып кеткішке (7), ал төменгісі екі тұлғаның ортақ
түбінен (8) сыртқа. Шығарылатын қуыс сальник және қысқыш гайка көмегімен
қалыңдатылған. Штоктың сыртқы соңына табақша бекінген, өз кезегінде оған
екі блок (9 және 10) бекітілген. Жоғарғы блок (үлкен диаметр) арқылы арқан (11)
асырылып, оның бір ұшы бұрғылау кемесінің палубасына (12) байланса, екінші

         85

МАЗМ¦НЫ
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90