Page 80 - indexf
P. 80

байланысты, оның штогін теңіз түбімен жалғайтын арқан бұрғылау кезінде
керілу жағдайында болады.

3.6 а, б-сурет. Тәл блогы мен ілмек арасына орнатылған теңестіруші құрылғылар

     Егер бұрғылау кезінде платформа жоғары көтерілсе, онда екінші цилиндрдің
жоғары кеңістігінің көлемі өседі. Себебі оның поршеньі мен штогі түппен бай-
ланысы арқылы, қозғалыссыз жағдайда қалады.

     Бір мезгілде, таль блогымен байланыскан, бірінші цилиндр тұрқы көтеріледі
(оның теменгі кеңістігінен сұйықтың бөлігі екінші цилиндрдің жоғары кеңістігіне
енеді). Қашауда жүктеме өзгермейді (екі кеңістіктің жалпы көлемі мен олардағы
қысым тұрақты, ал айтылған кеңістіктердің тиімді көлденең қималары бірдей).
Платформа төмен түскенде сұйық кері бағытта қозғалады. Аспапты көтергенде,
бірінші цилиндрдің штогіне тізбектің толық салмағы беріледі, кеңістіктердегі
қысым жоғарылайды (алдын-ала цилиндр мен сораб арасындағы клапан жабы-
лады). Онан кейін, цилиндрлердің гидравликалық кеңістіктерін байланыстыра-
тын желідегі клапан жабылады. Сөйтіп, арқанды асқын қысымнан сақтайды.
Таль блогы мен ілмек аралығына орнатылатын теңелту құрылғыларын қолдану
бұрғылау бағандары ұзындығын ұзарту қажеттілігінен туындайды.

     Төменде (3.6 б-суретте) көрсетілген осындай құрылғы (1) және (2) екі
цилиндрден тұрады, олар таль блогының (3) екі жағына бекітілген және екі
поршеньді штоктар (4) және (5) ілмектің екі жағына орналасқан. Поршеньдер

         80

МАЗМ¦НЫ
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85