Page 84 - indexf
P. 84

осінен +12° аспағанда ғана біркелкі жұмыс істей алады. Бұрғылау мұнарасына
(1) тік бағыт беруші (2) орналасқан, онымен элеватор (3), ілмек (4), штроптар (5)
таль блогы 6 кіретін құрама сырғанайды. Айтылған кұрама арқан мен кронблок
арқылы бұрғы лебедкасымен (7) байланысқан. Құрама гидравликалық жетегі
бар бұратын құрылғымен жалғасқан. Бұрғылау мұнарасының қарама-қарсы
бет қырына шегендеу құбырларын ұстауға арналған төменгі каретка, бұрғылау
немесе АБҚ үшін аралық каретка (10) кетергіш ұшпен (11) және жоғарғы ка-
ретка (12) ұстағышпен орналасқан. Аспа тақтада (14) блок (15) бар, ол арқылы
(гидравликалық цилиндр (16) штогімен жалғанган) арқан тартылған.

     Ұңғыма сағасының үстіне сыналы ұстағыш (17) және бұрғы кілті (18)
қондырылған. Құбырларды көтеру кезінде бұрғы бағаны (19) немесе АБҚ
бағаны элеватор (3) ұсталады, сыналы ұстағыш (17) босатылып баған ұңғымадан
жоғарғы шеті аспа тақтаға (14) жеткенше көтеріледі.

     Одан кейін бұрғылау тізбегі сыналы ұстағышқа қойылады, элеватор боса-
тылады және айтылған құрама 3-6 гидравликалық құрылғы (8) арқылы ұңғыма
осінен басқа жаққа бұрылады, содан кейін төмен түсіріледі. Осымен бір мезгілде
жоғарғы жұмыскер каретка (12) арқылы ұстағыш (13) итеріп, оны іске косады.
Сонымен қатар, көтергіш үш (11) каретка (10) итеріп шығарады.

     Құлыптық қосылысты бұрғы кілтімен (18) (гидравликалық цилиндр 16
арқылы) ағытқаннан кейін бағанды көтереді және (21) саусаққа орнатады. Сонан
кейін түсірілген элеватор (3) бұрғы тізбегінің келесі бағанын қапсырып көтереді
және цикл қайталанады. Бұрғылау тізбегін түсіру кері сатыда жүргізіледі.
Құрылғы Хьюстонда алдын ала сынақтан өткізілген, сонан кейін»Дискаверер-
ІІ» кемесіне орнатылған. Құрылғы 5-7 м толқын биіктігі, 1500 м/мин жел
жылдамдығы және кеменің тік бағыттан 10-11° ауытқуы сенімді жұмысын
көрсетті. 8170 м ұңғыма тереңдігінен ТКО 4 сағат 15 минут орындады. Бұл
құрылғымен диаметрі 508 мм дейін шегендеуші құбырларды түсіру тежірибесі
жинақталған.

     Егер топырақ борпылдақ таужыныстардан тұратын болса, онда бағытты
бағыттаушы арқандар арқылы бұрғылау тізбегімен түсіреді және осы арақашықты
гидроманиторлы сұғындырмалармен қамтамасыз етілген жынысталқандағыш
құралмен өтуге болады. Бағытты қондырғаннан кейін тұрақты арқан бағыттауыш
түйінді жинайды. Бұл түйін сфера тәрізді жасалған қабырғалары бар жалпақ ра-
мадан тұрады. Осының арқасында оларды құйғышқа орнатқан кезде, бұрғылау
жеріндегі теңіз түбінің тегіссіздігінен туындайтын су асты негіздің көлденең
тегістіктен ауытқуын болдырмайды. Раманың бұрыштарына арқанды кигізуге
арналған ұзынына бойы кесілімі бар бағыттаушы стерженьдер орнатылады.
Раманың ортаңғы бөлігіне бағыттың жоғарғы құбыры бекітіледі.

     Бұрғылау құбырларын бағыттан ажыратқаннан кейін оларды жүзбе
бұрғылау қондырғысына көтереді, сосын оларға ұғының кондуктор ішінен
бұрғылау мақсатында қашау түсіріледі және мұнда бағыттаушы кранштейндер-
де ажыратқыш сол түйін қолданылады. Лақтырулардың алдын алу үшін кондук-

         84

МАЗМ¦НЫ
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89