Page 89 - indexf
P. 89

4-тарау

                        Өздігінен көтерілетін жүзбелі
                            бұрғылау қондырғылары

     Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларын (ӨК ЖБҚ) теңізде
мұнай мен газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде
тереңдігі 30-120 м акваторияларда қолданады (4.1-сурет).

                          4.1-сурет. ӨК ЖБҚ-ның жалпы сызбанұсқасы

     Бұл қондырғылар қондырғының корпусы болып келетін жүзбелі пантон-
нан немесе одан көп сырғымалы тіректі тізбектерден тұрады. Онда техникалық,
энергетикалық және қосымша жабдықтар, технологиялық материалдар қоры,
отын, ішуге пайданылатын және техникалық сулар, құбырлар, аспаптар, қызмет
орындары мен тұрғын үйлер, қоймалар, тік ұшақ алаңы орналасады.

     ӨК ЖБҚ бұрғылау нүктесіне тасымалдау кезінде тіректері жоғары
көтеріліп, бекітілген күйде қозғалады. Бұрғылау нүктесінде тізбектерді көтергіш
құралдармен төмен түсіреді және корпуста орнатылған қондырғы, аспаптар,
құбырлар, материалдар корпуспен бірге тіректі тізбектер бойымен (корпус
түбіне толқын соққылары тимейтін) биіктікке көтеру құралдарымен жүзеге аса-
ды.

     Оны (биіктікті) астрономиялық және штормды су ағымдарын ескере оты-
рып есептейді:

                                       H = 0, 6h50 +1, 5 ,

         89

МАЗМ¦НЫ
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94