Page 87 - indexf
P. 87

Тәсілдің мәні технологиялық шараларды кезекпен жүргізуде қорытындалады:
     1)	 кемеде жұмыс платформасын құрастыру, ол кеме палубасына тік

          бағытта шамалы ғана орын ауыстыруы мүмкін (шығыршықта, олар
          арқылы қосалқы жүкпен ұстағыш арқандар асырылған);
     2)	 суасты ұңғының әрбір жұмыс арқандардың шамамен база ұштарындағы
          бекіністерде белгілеу;
     3)	 жылжымалы жұмыс платформасында орнатылған барабан лебедкадағы
          қарама-қарсы жұмыс арқандардың ұштарын бекіту.
     4)	 жылжымалы жұмыс платформасын шығыр тіректерінде белгілеу неме-
          се гидроцилиндр плунжерлер (басқа нұсқада ойлап табылған) арқылы
          асырылған ұстағыш арқандар арқылы берілетін, шамасы тұрақта және
          жоғары бағытталған күшті ұстап тұру;
     5)	 кемеде теңселу болмаған кезде подкатті платформаның кемеге қарағанда,
          салыстырмалы түрде жоғары қозғалуын болдырмау мақсатында жұмыс
          арқандары керіледі (жұмыс арқандарына түсірілетін жүктің керілу күші,
          платформа және оған орнатылған қондырғылар салмағын алып тастаған
          кездегі жылжымалы платформаға түсірілетін жоғары бағытталған
          күшке тең);
     6)	 суасты ұңғыма жабдығымен байланысты жүргізу жұмыс шарасы кеме-
          ден жүргізіледі.
     Жабдық (3.10-сурет) құрамында: теңіз түбіндегі ұңғы сағасына (2) бекітілген
база – плита (1); кемеге салыстырмалы түрде тік орын ауыстыруы мүмкін бола-
тын кемеге (4) бекітілген, массивті жұмыс платформадан; платформаны ұстап
тұрғыш шығыршықтары (6) бар тірек бағаналар (5) арқылы асырылған қосалқы
жүктемелер (7); осы платформаны плитамен байланыстыратын жұмыс арқандар
(8); жұмыс платформасына бекітілген арқандардың ұзындығын және керілуін
реттейтін барабан шығырға оралған арқандар кіреді.
     Жүзбелі бұрғылау қондырғысынан бұрғылауды су асты бағана (рейзер)
конструкциясының маңызы зор. Әдетте бағанада жүзбе қондырғыға бекітілген
және теңіз түбіне орнатылған ұңғы головкасына дейін түсіріліп ұзындатылған
қуыс бөлшек болады. Қуыс бөлшектің төменгі ұшында ішкі сақиналы запле-
чико түзілген. Бүкіл жинақтың сыртқы диаметрі сақиналы заплечика астында
кішірейтілген. Сақиналы заплечико астындағы кеңістік жұмыс сұйықтығының
қайнар көзімен жүзбелі қондырғыға орнатылған жеке құбыр арқылы байланы-
сады. Бағана конструкциясында телескопиялық қосылыс ескерілген.
     Осымен қоса бағананың жоғарғы бөлігіне енетін төменгі бөлігі (кіші
диаметрлі) оған қарағанда қалыңдатылған. Мұндай бағаналарды жасауда туын-
дайтын қиындық, бұл телескопиялық қосылыстарда жинақталатын шлам. Шлам
бұрғылау ерітіндісінің шыр айналып бағананың ішкі бетімен және бұрғылау
құбырлар тізбегінің сыртқы бетінің арасынан шыға беріс жерінде жинақталады.
Бұрғылау кемесінің палубасына орнатылған сорап, қосымша құбыр арқылы шлам
жинақталатын аймаққа жұмыс сұйықтығын айдайды (шламнан тазартылған

         87

МАЗМ¦НЫ
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92