Page 172 - indexf
P. 172

ә) өндірушінің пайдасы мен толық өзіндік құн көрсеткішінің
       пайыздық арақатынысы
       б) жалпы өнім мен тауарлы өнім көлемінің арақатынасы

    25.Тұрғын жайдың құны, бұл
       а) тұрғын жайдың мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық
       құны
       ә) тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің
       бастапқы құны
       б) тұрғын үйдің бастапқы құны

    26. Тұрғын үйдің қалдық құны, бұл –
       а) тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің
       бастапқы құны
       ә) тұрғын үйдің бастапқы құнына тұрғын үйге жасалынған
       күрделі жөндеу шығындарын қосу арқылы есептеледі
       б) тұрғын үйді жаңадан қалпына келтіру құны

    27. Жерді пайдаланудың әрбір түріне объектінің белгілі бір
құрамдас бөліктері қажет. Олардың оңтайлы арақатынасы жыл-
жымайтын мүліктің ең жоғарғы құнын қамтамасыз етеді. Бұл
анықтама қандай қағидатқа тән?

       а) теңгерімділік қағидаты
       ә) сұраныс пен ұсыныс қағидаты
       б) бөлу қағидаты

    28. Жылжымайтын мүліктер үшін теңгерімділік келесі
экономикалық көрсеткіштер бойынша сипатталады:

       а) сыйымдылық және тиімділік көрсеткіштері
       ә) жылжымайтын мүліктің қалдық өнімділігі көрсеткіші
       б) жылжымайтын мүлік нарығы сегменттеріндегі инвестицияның
       табыстылық деңгейі

    29. Ең көп пайда алуға талпынатын нарық субъектілерінің
тұрақты бәсекелестігі арқылы баға қалыптасатындығын
тұжырымдайтын қағидат:

       а) бәсеке қағидаты
       ә) сәйкестік қағидаты
       б) сыртқы ортаның өзгерісі қағидаты

           172

⇐ МАЗМҰНЫ
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177