Page 174 - indexf
P. 174

36. Табыс әкелетін жер учаскесін коммерциялық пайдалану
мүмкіндігі, қандай әдісті қолданудың негізгі шарты болып санала-
ды?

       а) бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі
       б) алу (экстракция) әдісі
       в) қалдық құн әдісі
       г) дамыту әдісі

    37. Жердiң мелиорациялық жай-күйi қанағаттанарлық болса,
қандай түзету коэффициенті қолданылады?

       а) 0,9
       б) 0,6
       в) 0,7
       г) 0,5

    38. Жер учаскесін пайдаланумен байланысты барлық табыстар
мен шығыстарды дисконттау жолымен жер учаскесінің құнын
есептеу әдісі:

       а) жерді тиімді пайдалану әдісі
       б) қалдық құн әдісі
       в) дамыту әдісі
       г) жерді қайта бөлу әдісі

39. Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз –
   а) кадастрлық бағалау құны
   б) жер учаскесін сату ақпараты
   в) жер салығы
   г) жер учаскесінің нормативтік бағасы

    40. Потенциалды табысқа байланысты қайтарым мерзімі есеп-
ке алынатын жер учаскесінің құны:

       а) жердің қалдық құны
       б) жердің нарықтық құны
       в) кадастрлық бағалау құны
       г) жердің нормативтік құны

41. Жердің нормативтік құны қандай жағдайда қолданылмайды:
   а) жерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін иелікке алған кезде
   б) жер учаскесін ашық нарықта сату кезінде
   в) жерді мұрагерлікке берген кезде
   г) жерді сыйға тартқан кезде

           174

⇐ МАЗМҰНЫ
   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179