Page 175 - indexf
P. 175

42. Жер учаскесімен жасалатын жер рентасын есептеу әрекеті
– жерді бағалау әдісінің қай түріне жатады:

       а) жерді сатуды салыстыру әдісі
       б) жерді бөлу әдісі
       в) бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі
       г) экстракция әдісі

43. Жердің құны:
   а) бұл ашық және бәсекелі нарықта белгілі бір операцияларды
   іске асыру нәтижесінде алынатын мүмкін баға;
   ә) бұл құны осыған ұқсас объектіге бағалау жүргізілген сәтте
   қолданылған бағалар бойынша айқындалатын құн
   б) бағаланатын мүліктің иелік ететін есептік кезеңінің соңындағы
   немесе болашақтағы нарықтық құны.

    44. Жылжымайтын мүліктің нарықтық немесе өзге құнын
белгілеу қандай топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы
жүргізіледі

       а) кірістік, шығындық және салыстырмалы амалдар
       ә) тікелей капиталға айналдыру әдісі
       б) эконометрикалық әдістер

    45. Егер, инвестор жылжымайтын мүлікті өзінің табыстылық
деңгейін арттыру мақсатында сатып алатын болса қандай
қағидатқа сүйенеді:

       а) бәсеке қағидаты
       ә) теңгерімділік қағидаты
       б) сұраныс пен ұсыныс қағидаты

    46. Жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнынан,
төменде берілген қандай құн түрі асып түсе алады:

       а) инвестициялық
       ә) жойылу
       б) кепілдік

    47. Объектінің жойылу тәуекеліне ұшырауын ескере отырып,
құнның қандай түрі, орнын басу қағидатына немесежылжымай-
тын мүлік элементтерін ұдай жаңғырту қағидатына негізделеді?

       а) сақтандыру құны
       ә) жойылу құны
       б) нарықтық құн

           175

⇐ МАЗМҰНЫ
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180