Page 176 - indexf
P. 176

48. Құнның қандай түрі ипотекалық несиені қамтамасыз етуге
негіз болады?

       а) кепілзат құны;
       ә) айырбастау құны;
       б) нарықтық құн.

    49.Жердіңнормативтікқұнықандайжағдайларда қолданылады:
       а) жерді меншікке берген кезде;
       ә) жерді мұрагерлікке берген кезде;
       б) жерді сыйға тартқан кезде, жерді кепілдікке беріп, несие алған
       кезде.

    50. Ақпаратпен жақсы хабардар етілген, төтенше жағ-
дайлардың қысымына түспеген сатып алушы мен сатушы өз
пайдасы үшін, саналы және ұтымды әрекет ете отырып, бәсекелі
және ашық нарықта жер учаскесін сататын ықтимал баға

       а) жердің нарықтық құны
       ә) жердің инвестициялық құны
       б) жердің теңгерімділік құны

    51. Жердің нарықтық құнын бағалау үшін келесі әдістер тобы
қолданылады:

       а) жерді тиімді пайдалану, жерді сатуды салыстыру, жер
       учаскелерін бөлу әдістері
       ә) жерді тиімді пайдалану, жердің жойылу құнын анықтау, жердің
       ипотекалық құнын анықтау әдістері
       б) жерді сатуды салыстыру, жерді жалға беру құнын анықтау
       әдістері

    52. Салыстырмалы талдау әдісіне қандай әрекеттер реттілігі
тән:

       а) сатылатын жер тектес жер учаскелерін сату немесе ұсыну
       туралы ақпаратты жинау және талдау жүргізу және салыстыру
       объектілерін айқындау;
       ә) салыстыру объектілерінің сату бағасын немесе ұсыну бағасын
       кейіннен түзе отырып, салыстыру объектілерімен бағалау объек-
       тілерін салыстыру;
       б) салыстыру объектілерінің құнына түзетілетін түзетулер шама-
       сын есепке алу жолымен бағалау объектісінің құнын айқындау.

           176

⇐ МАЗМҰНЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181