Page 177 - indexf
P. 177

53. Салыстырмалы талдау әдісі:
       а) соңғы нарықтық мәмілелер немесе ұсыныстар бағасы бойынша
       нақты деректері бар ұқсас жер учаскелерімен қарастырылатын
       мүлікті тікелей салыстыруды қамтиды;
       ә) ұсыныстар бағасы бойынша нақты деректері бар жер учас-
       келерін қарастырады;
       б) нарықтық мәмілелер бойынша нақты берілген бір ғана жер
       учаскесін қамтиды.

    54. Дамыту әдісі:
       а) нақты жылжымайтын мүлік объектісін бірқатар учаскелер-
       ге бөлу туралы жорамалдармен немесе бірнеше учаскелер-
       мен біріктіруге, осындай бөлу немесе біріктіру процестерімен
       байланысты табыстар мен шығыстарды айқындаумен және
       нәтижесінде алынған құн көрсеткішін шығару үшін таза табы-
       старды дисконттаумен байланысты болады.
       ә) нақты жылжымайтын мүлік объектісін бірқатар учаскелер-
       ге бөлу туралы жорамалдармен немесе бірнеше учаскелер-
       мен біріктіруге, осындай бөлу немесе біріктіру процестерімен
       байланысты табыстар мен шығыстарды айқындамай,нарықта
       қалыптасқан бағаға негізделеді;
       б) нақты жылжымайтын мүлік объектісін бірқатар учаскелер-
       менсалыстыру туралы жорамалдармен, осындай салыстыру не-
       месе біріктіру процестерімен байланысты ұдайы жаңғыртуды
       айқындаумен және нәтижесінде алынған құн көрсеткішін шығару
       үшін таза табыстарды дисконттаумен байланысты болады.

    55. Жер учаскелерін сатуда салыстыру әдісін тікелей қолдану
мүмкін болмаған жағдайда қандай әдістер қолданылады?

       а) бөлу әдісі, экстракция әдісі, қалдық құн әдісі, бос учаске үшін
       жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі.
       ә) экстракция әдісі, дамыту әдісі, шыңындарды бөлу әдісі;
       б) бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі,
       айырбастау әдісі

    56. Қалдық құн әдісін жер үшін қолдану қандай ретпен жүзеге
асырылады:

       а) құрылысқа, ғимаратқа қатысты таза операциялық табыстың
       бөлігі айқындалады;

           177

⇐ МАЗМҰНЫ
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182