Page 220 - indexf
P. 220

Ф
    Функционалдық тозу – жетілдірілген сәулет, көлемдік-жоспарлау,
сындарлы және басқа да сипаттамалармен қазіргі заманғы ғимараттар
мен құрылыстарға тән функцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігі
нәтижесінде бағалау объектісінің құнын жоғалтуы;

    Ц
    Цоколдық қабат – үй-жайлар биiктiгінің жартысынан аспайтын
биiктiкке жердiң жоспарлы белгiсiнен төмен үй-жай еденің белгiсіндегі
қабат;

    Ш
    Шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық
элементі.
    Шарттық сома – салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту
жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қажетті, тұрғын үй құрылысы
жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы. 
    Шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік – ортақ мүліктің жекеле-
ген жекеменшік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген
тәртіппен берілетін жекелеген бөліктері. 

    І
    Ішкі орынжай – ғимараттың (құрылыстың) қасбетін қайта
жаңартпай және жеке кіреберіс ұйымдастырмай ғимараттың
(құрылыстың) көлемінде ұйымдастырылған үй-жай;

    Э
    Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін
бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың
ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін
құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жыл-
жымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

           220

⇐ МАЗМҰНЫ
   215   216   217   218   219   220   221   222