Page 217 - indexf
P. 217

Тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланы-
латын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті
талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі,яғни дара тұрғын үй,
пәтер, жатақханадағы бөлме. 

    Тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға
алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп
тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру.

    Тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға
беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды
не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану
құқығын беретін шарт.

    Тұрғын жайды жекешелендіру – азаматтардың мемлекеттік
тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне
сатып алуы. Тұрғын жайдың жалпы алаңы – тұрғын жайдың пайдалы
алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін
коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар,
дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы. 

    Тұрғын жайдың құны – тұрғын жайдың мәміле жасалған күні
айқындалатын нарықтық құны. 

    Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын алаңы
мен тұрғын емес алаңының жиынтығы; 

    Тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі)
тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар
бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы мет-
рмен есептелетін алаңының жиынтығы;

    Тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі)
ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың,
кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың)
шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы; 

    Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – негізінен тұрғын үй-жайлардан,
сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табыла-
тын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс; 

    Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын
шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға
және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді
тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға,
пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық
қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың
шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-

           217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222