Page 215 - indexf
P. 215

Салыстыру элементтері – жылжымайтын мүлік үшін төленетін
бағалардағы ауытқуларға әкелетін мүлік объектілері мен мәмілелердің
нақты сипаттамалары. Салыстыру элементтері берілетін мүліктік
құқықтар түрлерін, сату жағдайларын, нарық шарттарын, табиғи және
экономикалық сипаттамаларды, пайдалануды жылжымайтын мүлікке
жатпайтын, сату құрауыштарын және басқаларды қамтиды;

    Сыртқы (экономикалық) тозу – жылжымайтын мүлік нарығында
қоршаған ортаның әсер ету салдарынан өзгерістердің (экономиканың,
демографиялық жағдайларға, тұтынушылардың төлем қабілеттілігіне
және басқа да өңірлік факторларға байланысты, нарықта қалыптасқан
сұраныс пен ұсыныстар көлемінің қатынасы) нәтижесінде объектінің
құнын жоғалтуы;

    Сервитут – бөтен жер учаскесін және (немесе) жылжымайтын
мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы,
оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту
мен пайдалану және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайда-
лану құқығы;

    Т
    Тиімді (негізгі) жасы – оны сату мүмкіндігін ескеретін объектінің
табиғи күйі мен пайдалылығына сәйкес келетін жас. Сыртқы түрін
бағалауға, техникалық жай-күйіне, объектінің құнына әсер ететін
экономикалық факторларға негізделеді. Объектіні пайдалану
ерекшелігіне қарай тиімді жас нақты жастан арту немесе азаю жағына
қарай ерекшеленеді.
    Таза операциялық кіріс – жалпы кіріс пен операциялық шығындар
арасындағы айырым ретінде айқындалатын кіріс;
    Тарату құны – әдетте бизнес жабылғаннан кейін жеке сату үшін
ұсынылатын бизнесте бірлесіп пайдаланылатын активтер тобының
нарықтық құнының түрі;
    Теңгерімдік құн – барлық жинақталған амортизация мен
жинақталған шығыс сомаларын құнсызданудан алып тастағаннан
кейінгі бухгалтерлік теңгерімде актив танылатын сома;
    Терминалдық (реверсиялық) құн – бағаланатын мүліктің иелік
ететін (болашақтағы) есептік кезеңінің соңындағы нарықтық құны.
    Техникалық паспорт – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік
техникалық тексерудің нәтижелері бойынша жасалған, құқықтық ка-
дастрды жүргізу үшін қажетті, бастапқы немесе кейінгі объектінің
техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын белгіленген
нысандағы құжат;

           215

⇐ МАЗМҰНЫ
   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220