Page 219 - indexf
P. 219

У
    Уәкiлеттi орган – облыстардың (республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары; 
    Уақытша тұрғындар – жалдаушы (тұрғын жайдың меншік
иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) олардан тұрғын жайды
пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғын жайда уақытша тұру құқығын
берген азаматтар;
    Уақытша құрылыстар – орнату мерзімі мақсаттылығына,
конструкциялық шешімдерге, орналасқан жері және басқа да белгілерге
байланысты уақытша шектелген павильондар, дүңгіршектер, қалқа
және басқа да осындай құрылыстар;

    Ү
    Үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк
процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды
орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық
мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi
құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды
құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;
    Үйлердiң (ғимараттардың) инженерлiк жабдықтары –
материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететiн, сондай-
ақ технологиялық жабдықтар мен өндiрiс үдерістерiн инженерлiк
жағынан қамтамасыз ететiн, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек
етуiне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлiк
жүйелер мен техникалық құрылғылар кешенi;
    Үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік.
Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық
жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше
көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;
    Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі – кондоми-
ниум объектісінің ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың
(пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым; 
    Үстемдікке ие жер учаскесініңнемесе жылжымайтын мүліктің
өзге де объектісінің пайдасына сервитут – басқа, әдетте, көрші жыл-
жымайтын мүлік меншік иесінің (өзге құқық иесінің) пайдасына оның
қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, оның ішінде жаяу өту, көлікпен
өту, су жүргізу және басқа да мақсаттар үшін белгіленетін сервитут;
    Үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісі – меншік иесінің
(өзге құқық иесінің) бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі нысаналы

пайдалану құқығы (сервитуты) бар жылжымайтын мүлік объектісі.

           219

⇐ МАЗМҰНЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222