Page 216 - indexf
P. 216

Тренд – хронологиялық өмір сүру мерзімі үшін бағаланатын
объектінің құнын өзгерту индексі;

    Табиғи тозу – объектіні пайдалану, күту жағдайларымен бай-
ланысты тозу мен бұзылудан, табиғи-климаттық және басқа да
факторлардың әсерінен туындаған зақымданулардың (ақаулардың)
салдарынан объектінің құнын жоғалтуы;

    Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу – тұрғын ғимарттарды
салу мақсатында ақшалай қаражатты тарту (құрылыс салушы) және
беру (үлескер) бойынша құрылысқа үлестiк қатысу туралы шарт
тараптарының қатынастары; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
– тараптардың біртарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша
екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын
қатынастары

    Тұрғын ғимараттағы үлес – жеке меншiк құқығы туындаған
кезде бiр мезгiлде тұрғын ғимараттағы ортақ мүлiкке үлестiк
меншiк құқығы туындаған жағдайда құрылысқа үлестiк
қатысу шарты бойынша салынған тұрғын үйдiң құрамына
кiретiн, үлескердiң жеке меншiк құқығына берiлетiн пәтер; 
Тұрғын үй құрылысынаүлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын
ғимарат – тұрғын үйден, сондай-ақ ортақ мүлiк болып табылатын өзге
де бөлiктерден тұратын құрылыс; 

    Тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес – тұрғын үй құрылысына
үлестік қатысу туралы шарт бойынша құрылыс жобасына сәйкес
салынған тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) құрамына кіретін, үлескерге
беру актісі бойынша берілетін тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-
жайлар. Осындай тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларға
жекеменшік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын
жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды.

    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – құрылыс
салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің
арасында жасалатын, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын
жайлардың салынуына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін
шарт.

    Тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты – тараптардың шарты,
оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйдi не оның
бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын
бередi. 

    Тұрғын емес үй-жай – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ
мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге
мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай, яғни дүкен, кафе, шеберха-

на, кеңсе және сол сияқтылар.

           216

⇐ МАЗМҰНЫ
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221