Page 117 - index
P. 117

Жөке       82 Шимпанзе  48
Сәбіз      18 Жылқы     64
Арпа       14 Есек      62
Асбұршақ   22 Сиыр      60
Мақта      52 Ит        78

    Бір жұп хромосомада бірнеше мың ген болады. Бір хромосомада
орналасқан гендерді тіркескен гендер деп атайды. Ол гендер тірке-
су тобын құрайды. Жасушаның мейоздық бөлінуі кезінде тіркескен
гендер бір гаметаға түседі. Т. Морган тіркесу құбылысын анықтау
мақсатында зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбынын – дрозофила
меланогастерді алады.

    Себебі, оның мынадай ерекшеліктері бар. Олар:
    1. Аз уақыт ішінде ұрпақ береді. 8-10 күн;
    2. Ұрпақтарының саны көп, 2-3 аналық, екі аталықтан 500-600
ұрпақ шыбын алады;
    3. Өзгерген түрлері көп;
    4. Хромосома саны аз, 4 жұп – 8.
    Денесінің түсі сұр, қалыпты қанатты шыбынды денесінің түсі
қара, жетілмеген қанатты аталығымен будандастырады.
    Мұнда:
    Бірінші ұрпақ будандарының барлығы денесінің түсі сұр, жетіл-
ген қанатты болады.
    Бірінші ұрпақ будандарын өз-өзімен будандастырғанда, Ғ2 ұрпақ-
та белгілердің фенотипі бойынша ажырауы тәуелсіз тұқым қуалау
заңына сәйкес болмай (9:3:3:1), ата-анасының белгілері бойынша 3:1
қатынасында ажырайды.
    Белгілердің 3:1 қатынасында ажырауы, дененің түсін, қанаты-
ның пішінін анықтайтын гендер бір жұп хромосомада орналасаты-
нын көрсетеді. Бұл бір хромосомада орналасқан гендердің бірігіп,
тіркесіп тұқым қуалайтынын дәлелдейді. Тіркесудің екі түрі болады:
толық тіркесу және толық емес тіркесу. Толық тіркесу – сирек
кездесетін құбылыс. Мысалы, денесінің түсі қара, жетілмеген
қанатты аналық дрозофила шыбынын, денесінің түсі сұр, жетілген
қанатты аталығымен будандастырғанда, ұрпақтарында белгілердің
фенотипі бойынша ажырауы 1:1 сан қатынасында немесе 50–50%
болып, бір хромосомада болғандықтан, толық тіркесу байқалады.
    Мұнда аналық шыбында 4 гаметаның орнына екі типті b+Vg
және bVg+, ал аталықта бір типті dVg гаметалар түзіледі, гаметалар-

           117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122