Page 132 - index
P. 132

Шешуі: Споралардың аа++ және ++аа ерекшеліктері орналасуы
центромерамен және а генінің арасында кроссинговердің жүрмеген-
дігін көрсетеді (Мейоздың 1-бөлімінде аллельдердің ажырауы). Басқа
нұсқаларындағы аскадағы спораның орналасуы центромерамен, а
генінің арасында кроссинговердің жүргенін білдіреді. (Мейоздың
ІІ бөлінуінде аллельдер ажырайды). Кроссинговерге ұшыраған

аскалардың пайызы: (2  3  2 1)[100% :100 8% -  ға тең. Бірақ әрбір

кроссинговерге ұшыраған аскада тек 50% споралар ғана кроссоверлі
болады. Сонымен центромерамен а генінің арақашықтығы 4% пайыз-
ға тең.

                       Бақылау сұрақтар мен есептер
    1. Морган заңы қандай жағдайда көрінеді?
    2. Морган дрозофила шыбынында қандай тәжірибелер жүргізді?
    3. Толық тіркесу мен толық емес тіркесудің цитологиялық негізі
неде?
    4. Қандай тіркесудің эволюция үшін маңызы бар?
    5. Генетикалық карталар қалай жасалады?

    Есептер
    1-есеп. Жүгері өсімдігінің тұқымы тегіс, пішіні бұдыр пішінінен
басымдылық көрсетсе, тұқымының бояуы бояусыздан басым. Екі
белгі де тіркес тұқым қуалайды. Бояулы, тұқымы тегіс жүгері өсімді-
гін тұқымы бұдыр, бояусыз түрімен будандастырғанда мынадай ұр-
пақ алынған: 4152 өсімдік боялған, тұқымы тегіс; 49 өсімдік боялған,
тұқымы бұдыр; 152 өсімдік – бояусыз, тұқымы тегіс; 4163 өсімдік
– бояусыз, тұқымы бұдыр. Гендердің арақашықтығын анықтаңдар.
    2-есеп. Дрозофила шыбынының көзін анықтайтын рецессивті w
(white) гені Х хромосоманың 1,5 локусында, құрсағының өзгерген
түрін анықтайтын доминантты А (abnomal) гені сол хромосоманың
4,5 локусында орналасқан. Генотипі ХWA  аналық дрозофила қандай

                                                       Xwa

қатынаста, қанша типті гамета түзіледі?
    3-есеп. Бұршақтың ұрпақ жасушаларында 7 жұп, дрозофилада –

4 жұп, тауықта – 39 жұп, сиырда – 30 жұп хромосома бар. Осы ор-
ганизмдерге қанша тіркесу тобы тән?

    4-есеп. Дрозофила шыбынында А және В гендері әртүрлі ау-
тосомада, М және N гендері бір аутосомада орналасқан.

           132

⇐ МАЗМҰНЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137