Page 136 - index
P. 136

23-есеп. А,В және С гендері бір хромосомада осы ретпен ор-
наласқан. А және В гендерінің арақашықтығы – кроссинговердің
жиілігі 30% -ға тең, ал В – С гендерінде 20%-ға тең. Гомозиоталы
(ABC) дарамен гомозиготалы (abc) дараны шағылыстырғанда, F1 ұр-
пақтың буданын гомозиготалы (abc) формасымен шағылыстырғанда
қандай ұрпақ алынады?

    24-есеп. Адамда көз ауруын (катаракта) және көп саусақтылық-
ты (полидактилия) доминантты екі геннің аллелі анықтайды. Олар
бір хромосомада 50 морганида арақашықтықта орналасады. Әйел
катаракта генін әкесінен, ал полидактилия генін анасынан алады.
Оның күйеуі осы белгілер бойынша қалыпты. Олардың баласында
осы белгілердің көріну ықтималдығы қандай?

    а) бала екі аурумен бірдей ауырады;
    ә) бала аурудың біреуімен ғана ауырады;
    б) бала ауырмайды.
    25-есеп. L, M және N гендер бір тіркесу тобына жатады. Тәжірибе-
де анықталғаны бойынша L және M гендерінің арақашықтығы 5
морганидаға тең, ал M және N гендерінің арақашықтығы 3 моргани-
да болады. L және N гендерінң арақашықтығын анықтауға бола ма?
Қосымша тәжірибелер арқылы L және N гендерінің арақашықтығы
2 морганидаға тең екені анықталған. Хромосомадағы L, M және N
гендерінің орналасуының графигін сызыңдар.
    26-есеп. Адамда резус факторды және эритроциттердің пішінін
анықтайтын гендер бір аутосомада 3 морганид арақашықтықта ор-
наласқан. Резусы оң (доминантты белгі) және эритроциті эллипс
тәрізді (доминантты белгі) белгілер бойынша дигетерозиготалы
еркек, бір доминантты генді әкесінен, екіншісін шешесінен алған.
Оның әйелінің резусы теріс және эритроциттердің пішіні қалыпты.
Олардың баласының әкесінің белгілерін алуының ықтималдығы
қандай?
    27-есеп. Ғ1-ұрпақтағы дигетерозиготалы организмдермен ана-
лиздеуші шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша белгілердің
ажырауы мынадай болған:
    а) АВ : ав : Ав : аВ = 25% : 24,5% : 25,3% : 25,0% ;
    ә) АВ : ав : Ав :. аВ = 46,5% : 47,5% : 3,5% : 2,5%;
    б) АВ : ав = 50,5% : 49,5 %.
    Гендер тәуелсіз тұқым қуалайтынын немесе гендер тіркесіп
берілетінін анықтау керек.
    M гендерінің арасында кроссинговердің жиілігі қандай болуы
мүмкін?

           136

⇐ МАЗМҰНЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141