Page 137 - index
P. 137

12-жұмыс

    Тақырыбы: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы.
    Мақсаты: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауының
негізгі заңдылықтарымен танысу. Ғ1 және Ғ2 ұрпақтардағы рецип-
рокты шағылыстыру айырмашылықтары, крисс-кросстық тұқым
қуалау.
    Құрал-жабдықтар:
    Жаңа пісірілген тамақтық ортасы бар пробиркалар.
    Дрозофила шыбынының N және w (white) линиялары.
    Тапсырмалар: 1. Жыныс хромосомаларымен танысып, дрозо-
фила шыбынының аналық және аталық шыбындарының ерекшелік-
терімен танысу, айыра білу.
    2. Мынадай шағылыстыру жүргізіңдер. ♀ N х ♂ White және ♀
White x ♂ N.
    3. Белгілердің ажырауының теориялық үлгісін жазыңдар.
    4. Ғ1 ұрпақ шыбындарын талдап, Ғ2 ұрпақ алу үшін шағылысты-
ру қойыңдар.
    5. Ғ2 ұрпақ шыбындарын алып, оларды талдаңдар.
    Тапсырмаларға түсініктеме
    Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы. Гендердің
жыныс хромосомаларда орналасқан белгілерді жыныспен тіркес-
кен белгілер, ал белгілердің жыныстық хромосомалары (Х және Y)
арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен белгілердің
тұқым қуалауы деп атайды. Бұл құбылысты Т. Морган дрозофила
шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашқан.
    Дрозофила шыбынының көзінің қою қызыл түсті белгісі (W), ақ
белгісінен басым (w). Гомозиготалы қызыл түсті аналық шыбынды
(Хw Хw) ақ көзді аталық шыбынмен (Хw Y) шағылыстырғанда, Ғ1-
де ұрпақ шыбындарының көздерінің түсі қызыл болған. Ғ2 ұрпақта
белгілер 3:1 қатынасында ажыраудың орнына барлық аналық
шыбындар қызыл көзді, аталық шыбындардың жартысы қызыл,
қалған жартысы ақ көзді болған. Ал ақ көзді аналық шыбынды,
көзінің бояуы қою қызыл түсті аталығымен шағылыстырғанда, Ғ2
ұрпақта аналық шыбындар әкесінен қызыл түсті, аталық шыбындар
анасынан ақ түсті алатындықтан, белгілер айқас тұқым қуалайды.
Ғ2 ұрпақта жыныстық хромосомалардың тұқым қуалауына сәйкес
аналық шыбындардың жартысы ақ көзді, жартысы қызыл көзді,
осымен қатар аталық шыбындардың да жартысы қызыл, жартысы ақ
көзді болады.

           137

⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142