Page 134 - index
P. 134

хромосомада және қай локусында орналасқанын анықтаңдар. Атал-

ған гендердің арақашықтығын анықтап, хромосоманың қарапайым

картасын сызыңдар.

10-есеп. А, В және С гендері тіркесудің бір тобына жатады. Егер

А және В арақашықтығы 8,5 морганидаға, ал В және С гендерінің

арақашықтығы 2,5 морганидаға тең болса, А және С гендерінің

арақашықтығы қандай? А және С гендері 6 морганидаға тең болған

жағдайдағы хромосомадағы А, В, С гендерінің орнын анықтап,

график сызып көрсетіңдер.

11-есеп. Дрозофила шыбынының денесінің сары түсін анық-

тайтын рецессивті у гені Х-хромосоманың 0,0 локусында орналас-

қан. Көзінің түсін анықтайтын рецессивті (w) гені, денесінің өз-

герген түрін анықтайтын доминантты А гені, сол тіркесу тобына

жатады. у және w гендері бойынша дигибридті аналық шыбынды,

екі гені бойынша рецессивті аталығымен шағылыстырғанда 1,6%

кроссоверлі шыбындар алынған. у және а гендері бойынша аналық-

ты рецессивті аталықпен шағылыстырғанда 4,5% кроссоверлі шы-

бын алынған. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Х хромосомада

үш геннің локусын көрсетіп, гендердің арақашықтығын анықтап,

генетикалық картасын құрастырыңдар.

12-есеп. Гендер арасындағы тіркесу және кроссинговер құбы-

лысын зерттеу барысында қандай фактілер тұқымқұлаушылықтың

хромосомалық теориясының дұрыс екенін дәлелдейді?

13-есеп. Үш гетерозиготалы аналық организмге талдаушы шағы-

лыстыру жүргізгенде фенотипі бойынша белгілердің ажырауы:

А-В-С-126, А-bbС-120, ааВ – С-128, ааbbС-136, А – В-сс-114,

А-bbсс-122, ааВ – сс – 122, ааbbсс-126 болған. Гендердің орны

(локализация) туралы не айтуға болады?

14-есеп. Үш гетерозиготалы организмге талдаушы шағылыс-

тыру жүргізгенде, генде белгілердің фенотип бойынша ажырауы мы-

надай екені анықталды:

АВСаbc – 150                            Аbсаbc – 37

аbсаbс – 143                            аВСаbc – 42

АВсаbс – 70                             АbСаbс – 8

аbСаbс – 65                             аВсаbс – 6

Хромосомадағы гендердің орналасу тәртібін және олардың ара-

қашықтығын анықтаңдар.

15-есеп. E, D, L, M, N гендері генетикалық картада 17,2; 18,9;

30,1; 35; 39,8 сантиморганға тең. D және M гендерінің арасында

кроссинговердің жиілігі қандай болуы мүмкін?

                           134

⇐ МАЗМҰНЫ
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139