Page 135 - index
P. 135

16-есеп. Егер F2 ұрпақта кроссоверлі емес даралардың (ааbb)
үлесі 12,25% болса, кроссинговердің жиілігі қандай болады?

17-есеп. Аллельді гендердің тіркесуі мен белгілердің жыныс-

пен тіркесіп тұқым қуалауының айырмашылығы неде?

18-есеп. Қызан өсімдігінің бойының биіктігін анықтайтын (S)

гені, аласа генінен (s) басым, тұқым эпидермисінің тегіс болуын

бақылайтын (R) гені бұдыр генінен (r) басым. Екі қызан өсімдігін

будандастырғанда ұрпағының 208-і биік, тегіс; 9-ы биік, бұдыр;

6-уы аласа, тегіс; 195-і аласа, бұдыр болған. Ата-анасының генотипі

қандай болады?

19-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмді осы гендері

бойынша рецессивті (aabbcc) аталықпен будандастыру жүргізгенде,

F1 ұрпақта алынған деректерге қарағанда үш гетерозигота:
           29 АВС                 21аbс

           235 АВс                215аbС

           210 Аbс                239Авс

           27 АbС                 23аВc

гаметалардың типін түзеді.

А. Қандай белгілер тіркесіп, қандай белгілер еркін үйлесіп ажы-

райды?

Ә. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.

Б. Кроссинговердің пайызын көрсетіңдер.

20-есеп. Қалыпты гетерозиготалы (сұр, қалыпты қанатты) шы-

бынды аталық (қара, қысқа қанатты) шыбынмен шағылыстырғанда

қандай ұрпақ күтуге болады? b және Vg гендерінің арасында

кроссинговердің жиілігі – 16,7%.

21-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмге талдаушы

шағылыстыру алынған ұрпақтарға генетикалық талдау жасаңдар.

           ABC 1270               Abc 55

           ABc 70                 aBc 42

           AbC 42                 abC 60

           Abc 58                 abc 1275

                                          2872

22-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмге талдаушы

шағылыстыру жүргізгенде алынған ұрпақтарға генетикалық талдау

жасаңдар.

                ABC 64            abC 30

                ABc 28            abc 72

                AbC 3             197

                            135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140