Page 235 - index
P. 235

шыбынының көзінің түсін, ақ жоңышқаның жапырағындағы өрнек
суреттердің әртүрлілігін аллельдердің өзара әсерінен туындайтын
белгілерді бір геннің аллельдері анықтайды.

    Мысалы, қан топтарының тұқым қуалауы көпшілік аллелизмнің
көрінісі. J – геннің үш түрлі аллельдері бар. Олар зиготада жұп тү-
зіп, комбинацияланады. Көптеген жағдайда аллельдер сериясы өзара
жұп болып әрекеттескенде зерттеліп отырған белгі гомозиготалы
ата-анасымен салыстырғанда өзгеше болады.

    Тапсырмаларды орындау
    Далалық практика көпшілік аллелизмге мысал ретінде ақ жо-
ңышқаның жапырағындағы суреттерді алады. Ол суреттер көпшілік
аллельдердің гетерозигота күйіндегі өзара әсерінен туындайтынын
анықтайды (35-сурет). Суретте V генінің әртүрлі аллельдерінің го-
мозиготалы күйіндегі формалары және осы аллельдердің әртүрлі-
лігінің үйлескен түрлері берілген (вертикаль бойынша).
    Аллельдердің өзара әсерінің әр типін қарап отырып, барлық
жағдайда басымдылық белгі байқалған уақытта бір аллельді белсен-
ді деп атайды да, ал екінші аллельді белсенсіз дейді. Сондықтан
белгілердің басымдылық – рецессивті қасиеті аллельдердің өздеріне
емес, белгілерге қатынасы бар. У. Бэтсонның пікірі бойынша ре-
цессивті аллельдер дегеніміз – басымдылық қасиетін жоғалтқан
аллельдер.
    Рецессивті аллельдерді тудыратын мутациялар қалыпты жұмыс
істейтін құрылымының жоғалуынан туындайтыны қазір белгілі.
    Аллельдердің өзара әсерінің механизмі қанша күрделі болға-
нымен, олар Мендельдің бірінші заңына – бірінші ұрпақ буданының
біркелкілік заңына бағынады.
    Сонымен ақ жоңышқаның жапырағындағы сурет-өрнектерді дәп-
терге енгізіп, астына генотипінің формуласын жазады, суретінің мә-
тінін түсіндіреді.

                              Бақылау сұрақтары
    1. Доминанттылық (басымдылық) заңының мәні неде? Мысал
келтір.
    2. Толық емес доминанттылық және кодоминаттылық деген не?
Мысал келтір.
    3. Адамда қан топтары қалай тұқымы қуалайды?
    4. Көпшілік аллелизмге қан топтарын мысалға ала отырып, оны
түсіндіріп беріңдер.

           235

⇐ МАЗМҰНЫ
   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240