Page 232 - index
P. 232

мутагенез селекцияның бір әдісі ретінде саналады. Мутация әсер
етуші фактордың сапасына, организмнің генотипіне, физиологиялық
күйіне, өңдеу ұзақтығына байланысты екені дәлелденген. Көбіне
әсер етуші мутагендермен өсімдіктердің өсіп жатқан дәнін өңдеп,
одан пайда болған бірінші ұрпақты М1 белгілейді. Өсімдіктердің
тұқымы мен түйнегінен мутация алу үшін мутагендер және өңдеу
әдісі төменде көрсетілген.

Дақылдар                          Әсер ету әдісі                   23-кесте
Бидай,
сұлы, арпа        Өңдеуге алынған тұқымның 500 дәнін таң-      Мутагендер
басқа астық  дап алып, дәкеден тігілетін қапшыққа салып        НЭМ
тұқымдас-    нитрозоэтилмочевина мен этилениминнің             ЭИ
тар          0,005-0,01% ертіндісін дайындап, осы ертінді-     Со60
             де 16-18 сағат ұстап, 2 сағат бойы кранның ағын-  немесе
Жүгері       ды суымен жуып, сорғыш қағазда кептіреді.         С 137 гамма
                                                               сәулесі
Картоп            Гамма сәулелерімен әсер еткенде дозасы
             5-10 гр болуы қажет. Содан соң учаскеге егеді.    ЭИ
Қызанақ                                                        НЭМ
                  Тұқым дәндерін дәке қапшығына салып,         Гамма
             0,01, 0,005% этиленимин немесе 0,005, 0,01,       сәулелері+
             0,12% нитрозоэтилмочевина ертіндісімен өң-        ЭИ немесе
             деп, кептіріп, учаскеге егеді. Гамма сәулемен     керісінше
             әсер еткенде дозасы 50-150 гр болуы қажет.        ЭИ+гамма
             Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген дақыл-         сәулелері
             дардың тұқымын осы мутагендердің әр түрімен
             әсер етуге болады. Ол үшін әр дақылдың дәнін      НММ
             бір тобын (500) алдымен гамма сәулесімен әсер     ДМС
             етіп, одан соң химиялық мутагендермен екінші
             рет өңдейді.                                      НЭМ
                                                               НЭМ
                  Картоптың түйнегін: 0,012, 0,01, 0,06% нит-
             розометилмочевина, 0,05, 0,016, 0,012% диме-
             тилсульфанат, 0,05, 0,10, 0,20, 0,30% нитро-
             зоэтилмочевина химиялық мутагендердің
             ерітіндісімен өңдейді.

             Әсер ету әдісі, мутагендердің концентрациясы,
             астық тұқымдас дақылдарға ұқсас.

    Ескерту: Өңделген (бақылау ретінде алынған) дақылдардың дәні
тек сумен өңделеді.

    Мутагендермен әсер еткен дәннен алынған өсімдік бірінші ұр-
пақ болып саналады. Оны М1 деп белгілейді. М2 ұрпақ алу үшін

             232

⇐ МАЗМҰНЫ
   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237