Page 231 - index
P. 231

24-жұмыс

    Тақырыбы: Мутацияны туғызу тәсілдері.
    Мақсаты: Мутацияны алу тәсілдерімен таныстыру.
    Тапсырмалар:
    1. Бидай, жүгері, арпа тұқымдарын химиялық мутагендермен
және радиациямен өңдеу.
    2. Мутагендік фактормен таныстыру, олардың өңдеу концен-
трациясын дайындау, дозаларын білу.
    3. Мутантты формалардың пайда болуы мутагеннің концен-
трациясына, радиацияның дозасына байланысты, ол белгілердің жиі-
лігін анықтау, суретін салу, кестеге жазу.
    Тапсырмаларға түсініктеме
    Әр өсімдік тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетімен си-
патталады. Өзгергіштік тұқым қуалаитын (генотиптік) және тұқым
қуаламайтын (модификациялық) болып екіге ажыратылады.
    Тұқым қуалаитын өзгергіштікке шағылыстыру кезінде гендер-
дің комбинациялануынан, гендер немесе хромосомалар структура-
сының өзгеруінен хромосомалар санының өзгеруінен (полиплоидты)
пайда болатын өзгергіштіктер жатады. Модификациялық өзгергіш-
тікке организмдердің онтогенезінде, сыртқы ортаның әсерінен туа-
тын өзгергіштікті жатқызады. Бұл өзгергіштік тұқым қуаламайды.
    Мутациялық өзгергіштік
    Мутация деп әртүрлі мутагендердің әсерінен организмдердің тұ-
қым қуалаушылық белгілерінің немесе қасиеттерінің өзгеруін ай-
тады. Мұндай организмдерді (өсімдіктерді) мутант деп атайды.
    Мутацияның: 1. Гендік мутациялар. 2. Хромосомалық мутация-
лар. 3. Геномды мутациялар. 4. Цитоплазмалық мутациялар типте-
рін ажыратады.
    Тапсырмаларды орындау
    Мутагендік факторлармен таныс-тыру, олардың өңдеу концен-
трациясын дайындау, дозаларын білу.
    Қазіргі кезде мутациялық селекцияда, өсімдіктердің жаңа бел-
гілерін алу үшін алуан түрлі химиялық қосылыстарды және гамма,
күлгін сәулелерді пайдаланады. Оларды мутаген деп атайды. Көп-
шілігінде өсімдіктердің тұқымын мутагендермен өңдегенде, келесі
ұрпақ өсімдіктерде керексіз, пайдасыз мутациялар жиі кездеседі.
Дегенмен химиялық мутагендер және радиация сәулелерімен әсер
ету арқылы бидайдың, арпаның, күнбағыстың, картоптың, т.б.
дақылдардың жаңа сорттары шықты. Сонымен эксперименттік

           231

⇐ МАЗМҰНЫ
   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236