Page 233 - index
P. 233

М1 ұрпақ өсімдігінің әрбір масағын жеке уатып, алынған дәндерін
жеке жүйеге, тұқымы өңделмеген формасымен қатар егіп, М2 пайда
болатын фенотиптік өзгерістерді салыстыра отырып анықтайды.
Алынған мәліметтерді мынадай кестеге енгізеді.

Дақыл сорт Мутагеннің концентрациясына                           24-кесте
                  байланысты мутацияның жилігі
                                                Мутацияның сипаты /
                                                      формалары

  Бидай   0,005  0,01               Ерте пісетін, кеш пісетін
          0,17   1,42  Су бойы биік, аласа, маса-
Қарлығаш
  сорты                             ғының ұрықсыздығы, гүл
                       0,01 шоғырлары өзгерген, т.б.

                                    белгілер.

    Студенттерге мутагендердің концентрациясын дайындауда және
дақылдардың тұқымын өңдеу барысында, олардың улы зат екенін
ескертіп, жұмысты дәрігерлік қолғапты пайдаланып, ауасы желдетіп
тұратын шкафта орындағаны қажет екенін түсіндіру керек.

    Студенттер дала практикасы кезінде,
    1. Бидай сабағының биіктігінің тұқым қуалауы;
    2. Хромосоманың морфологиялық өзгеруін зерттеу.
    3. Өсімдіктер микроспорогенезін зерттеу, тапсырмаларға мате-
риал жинап, зертханалық сабақтарда орындайды.

    Бақылау сұрақтары:
    1. Мутагендердің қандай түрлері бар?
    2. Химиялық мутагендердің мутация туғызуда қандай ерекше-
ліктерін білесіңдер?
    3. Дақылдарда полиплоидия құбылысын тудыру және оның ма-
ңызы.

                       233

⇐ МАЗМҰНЫ
   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237   238