Page 236 - index
P. 236

Тест есептер

    1. Дрозофила жеміс (шыбыны) денесінің сұр түсі қара түсінен
басым. Денесі сұр тұсты екі шыбынды бір-бірімен шағылыстыр-
ғанда ұрпағында 1200 сұр түсті және 400 қара түсті шыбындар
алынған.

    а. Сұр түсті шыбындардың қаншасы гомозигота болады?
    1) 100 2) 200 3) 300 4) 400 5) 600
    ә. Сұр түсті шыбындардың ішінде қанша гетерозиготалы
шыбындар бар?.
    1) 200 2) 400 3) 600 4) 800 5) 1000

    2. Ерлі-зайыптылардың екеуі де альбинизм белгісі бойынша ге-
терозиготалы. Олардан әртүрлі жұмыртқалы егіз балалар дүниеге
келген. Олардың екеуінің де альбинос болуының ықтималдығы қан-
дай?.

    1) 25 % 2) 50 % 3) 75% 4) 100% 5) 12,5%

    3. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес
саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес
саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа
шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдығы
қандай?

    1) 25 % 2) 50 % 3) 75 % 4) 100 % 5) 12,5 %

    4. Ерлі-зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты
отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?

    1) Иә 2) Жоқ

    5. Бір жұмыртқадан пайда болған екі қыз, өздері сияқты егіз жі-
гітке тұрмысқа шықса, олардан туылған балалар өздері сияқты бір-
біріне ұқсас бола ма?

    1) Иә 2) Жоқ

    6. Қара көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Қара көзді белгі көк
көздіден басым. Олардан қара көзді 8 бала туады. Осы отбасындағы
балалардың генотипін анықтау керек.

    1) АА 2) Аа 3) аа 4) Аа аа 5) АА АА

           236

⇐ МАЗМҰНЫ
   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241