Page 7 - index
P. 7

Кіріспе

    Генетика – тірі ағзалардың тұқымқуалаушылық және өзгергіш-
тік қасиетін зерттейтін ғылым. Қазіргі кезде биология ғылымының
бір саласы ретінде генетика қарқынды дамуда. Мысал ретінде, ХХI
ғасырдың басында (2003 ж.) аяқталған “Адам геномы” халықаралық
бағдарламаны алуға болады. Осы бағдарламаны орындау барысын-
да тұқым қуалайтын ауруларға жауапты гендердің хромосомада
орналасқан локусы, нуклеотидтер жиынтығы анықталып, алынған
жаңа генетикалық ақпараттар нәтижесінде аурулардың алдын алу
және емдеу жүйесі құрылуда. Осы бағдарлама өсімдіктер, жануар-
лар және микроорганизмдер генетикасының дамуына да өз үлесін
қосты.

    Биолог болам деген мамандар тұқымқуалаушылықтың заңда-
рын білуі қажет. Генетикадан білім беруде жаңа технологияларды
пайдалану мамандарды жаңа деңгейге көтеріп, кәсібилігін артты-
рады. Биологиядан мамандар даярлайтын педагогикалық инсти-
туттарда, университеттерде генетика пәнінен зертханалық жұмыс-
тарға және дала практикасына көптеген сағаттар бөлінеді. Осы
жұмыстарды орындау барысында мұғалімдер бағдарламаға сәйкес
жазылған оқулық болмағандықтан студенттердің білімдері толық
болмай шығады. Осы мәселені ескере отырып, оқулық авторлары
көп жылдар бойы дәріс берген ұстаздар, бағдарламаға сәйкес
зертханалық жұмыстар және дала практикумын ұсынып отыр.
Практикумда 15 зертханалық, 2 семинарлық және 8 далалық оқу
практика жұмыстары бар. Практикумда орындалатын жұмыстар
бағдарламаға сәйкес жеке тақырып ретінде берілген. Осымен
қатар тест тапсырмалар, қосымшалар келтірілген. Практикумның
ерекшелігі – студенттердің жұмысын жеңілдету мақсатында тап-
сырмаларға түсініктеме бөлімінің кеңейтіліп берілуі. Берілген
тапсырмаларды орындау барысында студент ғылыми-зерттеулердің
элементтерімен танысады. Мысалы, тұқымқуалаушылықтың цито-
логиялық негізі бөлімінде «Жасушаның митоздық және мейоздық
бөліну» тақырыбына арналған зертханалық жұмыстарда өсімдік-
тер тамырының меристемасынан уақытша цитологиялық препарат
жасау техникасымен танысса және митотикалық индексті анықта-
са, ал мейоздық бөлінумен танысу үшін жазғы дала практикум-
да астық тұқымдас өсімдіктердің жас тозаңдарынан материал
дайындап, зертханалық сабақтарда талқылайды. Осымен қатар

           7

⇐ МАЗМҰНЫ
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12