Page 11 - index
P. 11

3.	Зат шынысының қалыңдығын ескермей, конденсорды төмен
түсіру.

    4.	Микроскоптың көру алаңының жарығын реттеу мақсатында,
конденсорды ретсіз көтеру және төмен түсіру.

    5.	Микроскоптың көру алақанының жарығын реттеу мақсатында,
конденсордың апертуралық диагфрагмасының тесігін өлшемсіз өз-
герту.

    6.	Микроскоптың көру алаңының жарығын реттеуде жарық және
маталық шыныларды қолданбау.

    7.	Қалыңдығы (1,2 мм жоғары) зат шыныларын пайдаланбау.
    8.	Қалыңдығы (0,17 мм жоғары, не төмен) жабыңқы шыныларды
пайдалану.
    9.	Объективпен препарат арақашықтығында иммерсиялық майды
қолданбау.
    Осы аталған қателіктер, микроскоппен жұмыс істегенде қарала-
тын препараттардың жарық түсіру принципін өзгертіп, микроскоп-
тың оптикалық бөлімінің толық көрсетуіне мүмкіндік бермейді.
    Микроскоппен жұмыс істегенде тіршілік қауіпсіздігін сақтау
    1.	Микроскопты жарық түсіргіш аппаратымен жұмыс істегенде,
1000 вольтке дейін электр қондырғыларында пайдаланатын қауіп-
сіздік ережелері сақталады.
    2.	Жарық түсіруші аппаратының лампасын бұрап алғанда, электр
жүйесінен ажырату керек. Қолды күйдіріп алмау үшін, лампаны 15-
20 минуттан кейін ауыстырған жөн.
    3.	Жұмыс аяқталған соң, микроскопты жарық аппаратымен,
электр жүйесінен ажырату керек.
    Микроскоппен жұмыс істеудің ережелері
    1.	Микроскопты таза және түрлі сілкіністерден сақтау қажет.
Микроскоппен жұмыс істемегенде қабымен (чехол) жабулы болады.
    2.	Микроскоптың оптикалық бөлігінің тазалығына көңіл бөлу.
    3.	Линзалардың бетіне саусақтар тимеуі керек.
    4.	Оптикалық аспаптарда шаң тимеуі үшін өз орнында (окуляр
тубуста, объектив тапаншада, конденсор) болуы керек. Оларды ағаш
таяқшаға оралған таза мақтаны арнайы ерітіндімен ылғалдап сүрту
керек.
    5.	Объективтерді, окулярды, конденсорды бөлшектеуге болмайды.
    Микроскопиялық нысандарды өлшеу
    Цитологиялық, цитогенетикалық зерттеулерде ядроның, тозаң тү-
йіршіктерінің диаметрін, ұзындығын, хромосомалардың мөлшерін,

           11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16