Page 10 - index
P. 10

2-сурет. Жарық түсіргіш аппа-
               ратты табанында орналасқан мик-
               роскоптың құрылысы

                   1 – окуляр;
                   2 – бинокулярлық қондырғы;
                   3 – револьвер (тапанша);
                   4 – объектив;
                   5 – зат қойылатын орындық;
                   6 – конденсор;
                   7 – фильтр;
                   8 – лампалы патрон;
                   9 – топса;
                   10 – конденсордың тұтқасы;
                   11 – микротұтқа;
                   12 – макротұтқа;
                   13 – тубус;
                   14 – табаны

    Микроскоптың ұлғайтып көрсету сапасы, оның оптикалық бө-
лімінің құрылымымен анықталады. Жоғары сапалы объективтерді –
апохроматтар, ал қарапайым объективтерді ахроматтар деп атайды.
Окулярды таңдағанда микроскоптың жалпы ұлғайтып көрсетуі
объективтің 1000 нумералық апертурасынан (НА) аспауы қажет.
Мысалы, объективтің нөмірі 90х, нумералық апературасы (НА) 1,3
болса, сонда микроскоптың тиімді ұлғаюы 1300 ретке тең, сондық-
тан да окулярдың нөмірі 15х реттен аспауы керек. Егер окулярдың 20х
есе немесе одан да жоғары болса, заттың қосымша бөліктерін бай-
қай алмаймыз.

    Сонымен микроскопты тиімді пайдалану үшін, оның жарық тү-
сіргіш құрылымын Кэлер ережесі бойынша конденсордың, объек-
тивтің және коллектордың оптикасы өзара тең дәрежеде реттелуі
қажет.

    Тапсырмаларды орындау
    Микроскоппен жұмыс істегенде болатын қателер.
    Микроскоптың құрылысының негізгі теориясын жетік түсіне
бермегендіктен жұмыс үстінде өрескел қателіктер жіберілуі мүмкін.
    1.	Конденсор мен ойыс айнаны бірдей пайдалану препаратқа
жарық түсіру принципіне қайшы.
    2.	Жоғары апературлық конденсорды NA=1,2–1,4 төменгі апера-
туралық объективтермен NA= 0,2–0,4 пайдалану. Бұл қателікті бол-
дырмау үшін, алдын ала конденсордың нумералық апертурасын
төмендету керек, ол үшін жоғары орналасқан линзадан бұрап алады.

           10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15