Page 9 - index
P. 9

1-жұмыс
            Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негізі

    Тақырыбы: Жасушаның жыныссыз митоз жолымен бөлінуі.
    Мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының митоздық
бөлінуімен және хромосомалар құрылысымен танысу.
    Құрал-жабдықтар: 1. Пияздың немесе басқа өсімдіктердің та-
мыр меристема жасушасынан жасалынған және аскарида, тышқан
(Musmuslus), адам жасушаларының тұрақты препараттары. 2. Мик-
роскоп, 3. Сурет салғыш аппарат, заттық және жабын шынылар,
инелер, пипеткалар, ацетокармин және ацетоарсеин бояулары, сор-
ғыш қағаз, лупалар.
    Тапсырмалар: 1. Микроскоптың құрылысы және онымен жұ-
мыс істеу. 2. Митоздың фазаларын анықтап, суретін салу. 3. Хро-
мосомалардың митоз фазаларындағы орналасу ерекшеліктерімен
таныстыру.
    Тапсырмаларға түсініктеме: Микроскоптың құрылысымен та-
нысу.
    Цитологиялық, эмбриологиялық және цитогенетикалық зерт-
теулерге арналған микроскоптар: МБИ-3, МБР-3, МБИ-11, МБИ-6,
«Биолам» және Микмед 1.
    Цитологиялық зерттеулерге микроскоптың объективтерінің 4-7
түрі, оның ішінде 90х болуы қажет. Бұдан басқа микроскоп жарық
түсіргіш аппаратпен қамтамасыз (МБР-3, ОИ-9м, ОИ-19; басқа түр-
лерінде табанында орналасқан) етілуі керек.
    Жарықты дұрыс орналастыру Кэлер әдісі бойынша жүргізіледі.
    Микроскоптың құрылысы 1, 2-суреттерде көрсетілген:

           1-сурет. Айнасы бар микроскоптың құрылысы

           1 – окуляр;
           2 – бинокулярлық қондырғы;
           3 – револьвер (тапанша);
           4 – объектив;
           5 – зат қойылатын үстел;
           6 – конденсор;
           7 – айна;
           8 – конденсорды реттейтін тұтқа;
           9 – микротұтқа;
           10 – макротұтқа;
           11 – тубус;
           12 – биокулярлық қондырғыны бекітетін тұтқа

                9

⇐ МАЗМҰНЫ
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14