Page 89 - index
P. 89

анықтайтын гендер әр хромосомада орналасқан. Әкесінің белгісі
бар бала тууының ықтималдығы қандай?

    3. Ерлі-зайыптылар: еркек – гетерозиготалы сары шашты (доми-
нантты белгі) және секпілсіз, әйел – қоңыр шашты бетінде секпі-
лі (доминантты белгі) бар. Осы ерлі-зайыптылардан шашының түсі
сары және бетінде секпілі бар бала тууының ықтималдығын анық-
таңдар?

    4. Адамда бұйра шаш, тура шаштан басымдылық көрсетеді.
Терінің пигментациясын анықтайтын ген, пигментацияның жоғын
бақылайтын геннен басым келеді. Әке-шешесінің терісі қалыпты
пигментациялы және бұйра шашты отбасында альбинос тура шаш-
ты бала дүниеге келеді. Ата-анасының генотипін және бұйыра
шашты, терісі қалыпты пигментелген бала тууының ықтималдығын
табыңдар?

    5. Әкесінің қан тобы – ІІ, резусы оң, ал шешесінікі қан тобы –
ІІІ, резусы теріс. Осы отбасында фенилкетонуриямен ауыратын қан
тобы – ІІІ, резусы теріс бала туылған. Ата-анасының және баланың
тиімді генотипін анықтаңдар.

    6. Фенилкетонурия және сфероцитоз ауруының дамуын бақылай-
тын гендер аутосомды-доминантты типте тұқым қуалайды. Ген го-
мологты емес аутосомдарда орналасқан. Сау бала тууының ықтимал-
дығы қандай, егер ата-анасы дигетерозигота болса.

    7. Көк көзді оңқай еркек,қой көзді оңқай әйелге үйленеді.
Олардан екі бала туылады, біреуі – қой көзді солақай, екіншісі көк
көзді оңқай. Осы еркектің екінші қой көзді оңқай әйелінен 9 қой
көзді барлығы оңқай балалары болады. Үш ата-ананың әр қайсы-
ның генотипі қандай?

    8. Адамда көздің көрмеуінің екі түрі бар, екі түрі де аутосом-
ды-рецессивті типті тұқым қуалайды. Осы ауруларды анықтайтын
гендер әр хромосомада орналасқан. Осы отбасында көзі көрмейтін
бала тууының ықтималдығын анықтаңдар, егер әке-шешесі қалып-
ты көреді, екі әжесінің көзінің ауруы бірдей типті, аталарының ше-
жіресін талдағанда ауру болмаған.

    9. Будандастыру жағдайында аллельдердің өзара әсерінің ти-
пін (1) және ата-анасының тиімді генотиптерін (2) анықтаңдар.
Егер бірінші ұрпақтың белгілері 2:1, ал екінші белгі бойынша 3:1
қатынасына ажыраса.

    10. Қан тобы О еркек, қан тобы АВ әйелге үйленеді. Әйелдің
әкесі гемофилиямен ауырады. Отбасы балаларының түрлі фенотип-
терінің ықтималдығын анықтаңдар.

           89

⇐ МАЗМҰНЫ
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94