Page 92 - index
P. 92

аналары осы аталған үш белгі бойынша гетерозиготалы болса,
олардың балаларының фенотиптері жөнінде не айтуға болады?

    27. Нағашы жағынан әжесі алты саусақты, атасы жақыннан
көретін, ал үшінші жұп белгі бойынша екеуі де сау. Шешесінде ата-
аналарынан қабылдаған екі патологиялық ген бар. Әке жағынан
әжесінің кіші азу тістері жоқ. Осы отбасында туылған балалардың
генотиптері мен фенотиптері жөнінде не айтуға болады?

    28. Адамда катаракта мен саңырау-мылқаулықтың кейбір фор-
малары аутосомды-рецессивті, бір-бірмен тіркес емес белгілер ре-
тінде тұқым қуалайды. Сондай-ақ үстіңгі жақ сүйегінде күрек тіс
пен сойдақ тістің болмауы да катаракта мен саңырау-мылқаулыққа
тіркес емес тұқым қуалайтын рецессивті белгі болып табылады.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі катарактасы бар саңырау-мылқау,
ал үшінші жұп белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі – катаркта
мен саңырау-мылқаулық жөнінен гетерозиготалы, бірақ күрек тіс
пен сойдақ тістері жоқ болса, осы отбасында үш кемістігі бар бала-
лардың дүниеге келуі мүмкін бе?

           92

⇐ МАЗМҰНЫ
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97