Page 93 - index
P. 93

8-жұмыс

    Тақырыбы: Аллельді емес гендердің әрекеттесуі кезіндегі тұ-
қым қуалау.

    Комплементарлық әсері
    Мақсаты: Арпа өсімдігінде және дрозофила шыбынының көзі
түсінің тұқым қуалауын зерттеу барысында гендердің комплемен-
тарлы әрекеттесуімен танысу.
    Құрал-жабдықтар:
    1. Черниговский 5 арпа сортының 20-30 масағы
    2. Ата-аналық ретінде алынған Винер арпа сортының 20-30
масағы.
    3. Ғ1 ұрпақ буданының 20-30 масағы.
    4. Ғ2 ұрпақ буданының 60-80 масағы.
    5. Дрозофила шыбыны көзінің түсі қызыл түрі және көзінің түсі
қоңыр мен көзінің түсі ашық қызыл линиялары.
    Тапсырмалар:
    1. Студенттерді гендердің комплементарлы типті әрекеттесуі-
мен таныстыру.
    2. Ата-аналық өсімдіктерді керекті белгілері бойынша зерттеу.
    3. Белгілердің Ғ1 ұрпақта тұқым қуалау ерекшеліктерін анықтау.
    4. Дрозофила шыбынының Ғ1 ұрпақта тұқым қуалау ерекшелік-
терін анықтау.
    5. Белгілердің Ғ2 ұрпақта алынған белгілердің ажырауынан
алынған мәліметтердің теориялық күтілімге сәйкестігін анықтау.
    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің: комплементар-
лық, эпистаздық, полимериялық және гендердің көпжақты әсері
сияқты 4 типі бар.
    Комплементарлық әсері. Комплементарлы жағдайда доминант-
ты гендер бір генотипте болса (АаВв; ААВВ), олар бірін-бірі то-
лықтыра отырып, жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Ал ген-
дер әр генотипте (ААвв және ааВВ) жеке болатын болса, жаңа белгі-
нің түзілуі жүрмейді. Сонымен гендердің комплементарлық әсері
өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамта-
масыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады. Бұл құбылыс
өсімдіктер мен жануарларда жиі кездеседі. Гендердің комплемен-
тарлы әсері кезінде Ғ2 ұрпақ белгілерінің ажырауы мынадай сан
қатынасында:
    9 : 7; 9 : 3 : 4; 9 : 3 : 3 : 1 немесе 9 : 6 : 1 болады.

           93

⇐ МАЗМҰНЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98