Page 91 - index
P. 91

рид ұрпақтың 1/4 сары тегіс; ¼ жасыл тегіс және ¼ жасыл бұдыр-
лы болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерін анықтау керек.

    17. Дрозофилада денесінің сұр түсі мен қанаттарының қалыпты
болуын доминантты В және V гендері, ал қара түсі мен қысқа қа-
наттылығын рецессивті в және ВвVv гендері анықтайды. Мына бу-
дандастырудағы ата-анасымен олардың ұрпақтарының сыртқы кө-
рінісін анықтау керек: а) ВВVV x Bbvv;

    ә) ВвVv х ВВvv; б) ВвVv х ввvv; в) ВВVv х ВВVv.
    18. Қанаттары қалыпты, түстері қара екі шыбынды будан-
дастырғанда алынған ұрпақтың барлығының денелері қара, бірақ
олардың 3/4-нің қанаттары ұзын, ал ¼-нің қанаттары қысқа болған.
Ата-анасының генотиптерін анықтау керек.
    19. Біреуінің қанаты қалыпты, ал екіншісінікі қысқа қанатты
екі қара шыбынды будандастырғанда алынған ұрпақтың барлығы-
ның денелері қара, бірақ жартысының қанаттары қалыпты, ал жар-
тысы қысқа болып шыққан. Ата-аналарының генотиптерін анықтау
керек.
    20. Біреуінің денесі сұр, екіншісінікі қысқа қанатты шыбынды
будандастырғанда сұр түсті қанаттары қысқа ұрпақ алынған. Ата-
аналарының генотиптерін анықтау керек.
    21. Төрт жұп белгілерінде айырмашылығы бар гомозиготалы
өсімдіктер будандастырылған: а) Ғ2-дегі будан даралардың фенотип
бойынша саны мен кластарының арақатынасын; ә) Ғ2-дегі гибрид
даралардың генотип бойынша кластарының санын анықтау керек.
    22. Генотипі гетерозиготалы АаВвСсДд өсімдігі рецессивті го-
мозиготалы өсімдікпен будандастырылған: а) алынған ұрпақтағы
генотип бойынша кластар санын; б) ұрпақтың қанша бөлігінде төрт
доминантты геннің төртеуінің де бар екендігін; б) ұрпақтың қанша
бөлігінде төрт түрлі рецессивті геннің бар екендігін анықтау керек.
    23. Гексагибридті будандастыру жүргізілген: Ғ2-дегі генотип
және фенотип бойынша кластар санын анықтау керек.
    24. Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетеризиготалы ақ гүлді
бұршақ өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда болатын фенотиптік
ажырауды анықтау керек.
    25. Тұқымның түсі мен пішіні, сол сияқты гүлінің де түсі бойын-
ша гетерозиготалы бұршақ өсімдігі рецессивті гомозиготалымен
будандастырылған. Ғ1-дегі фенотип бойынша ажырауды анықтау
керек.
    26. Адамда алты саусақты (полидактилия), жақыннан көру жә-
не кіші азу тістің болмауы аутосомдық доминантты белгілер. Ата-

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96