Page 156 - indexf
P. 156

АЖӘ ережелеріне сәйкес біррангілі нысандар ғана бір-бірімен
хабарласа алады. АЖӘ үлгілерінде келесі деңгейлер анықталған:

    •• Станция немесе түйіндер деп аталатын, нысанның интерфей-
сіне сәйкес келетін электрлі немесе оптикалық сигнал берудің физи-
калық ортасын білдіретін деңгей – физикалық деңгей деп аталады.
Физикалық деңгей екі түйін арасындағы жалғыз материалдық бай-
ланыс болып табылады және телефон, телеграф, радио, электрон-
ды байланыс, сонымен қатар электрлі және оптикалы өткізгіштер
түрінде жүзеге асуы мүмкін.

    •• Кадрларды қалыптастыру және беруді қамтамасыз ететін
деңгей арналы (каналды) деңгей деп аталады.

    •• Қорек көзінен белгіленген түйінге хабарламаны беруді бақы-
лайтын және маршрутын орнататын деңгей – желілі деңгей деп ата-
лады.

    •• Қорек көзінен қабылдағышқа хабарламаның жеткізілуін бас-
қаратын деңгей – транспорттық деңгей деп аталады. Осы деңгей
қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің арасындағы интер-
фейстен тұрады. Транспорттық деңгей қоректен қабылдағышқа
мәліметтерді жіберудің дұрыстығына және қолданбалы бағдарла-
малардың жеткізілуіне жауапты болып келеді.

    •• Нысандар арасындағы байланысты басқаруға (байланыс сеан-
сы), синхрондауға, қолдауға жауапты деңгей – сеансты деңгей деп
аталады. Осы деңгейде желіге тіркелу орындалады.

    •• Кодтау және қабылдаушыға түсінікті форматқа кодты түрлен-
діруді қамтамасыз ететін деңгей – мәліметтерді көрсету деңгейі деп
аталады.

    •• Файлдарды беру, деректер базасындағы операциялар және
алыстан басқару сияқты қолданбалы есептер шешілетін ең жоғарғы
деңгейді көрсететін деңгей – қолданбалы деңгей деп аталады

    Бірінші деңгей материалды іске асыратын жалғыз деңгей. Қал-
ғандары бағдарламалы құралдармен жүзеге асқан функцияларды
шақырудың бейнесін немесе ережелер жиынын көрсетеді. Төменгі
үш деңгей желілі немесе коммуникационды деңгейлер деп аталады,
себебі олар хабарламаны жеткізуге жауапты болып келеді.

    Өндірісті автоматтандыру хаттамасы автоматты басқару жүйесі-
нің және басқа да құрылғылардың өзара алмасымдылығы мен үй-
лесімділігін қамтамасыз ететін (Manufacturing Automation Protocol
– МАР) АЖӘ үлгілеріне негізделген.

⇐ МАЗМҰНЫ  156
   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161