Page 158 - indexf
P. 158

9.6. АБЖ көрсеткіштерінің жиынтығы

    АБЖ басқарылатын шеткі процессорлары немесе интерфейстік
модулдері, техникалық үрдіс жөніндегі мәліметтерді датчиктерден
алады. Бұл процессорлар техникалық үрдістерді атқарушы меха-
низмдер арқылы басқарады. Мәліметтерді датчиктерден жинаудың
және оларды жоғары иерархиялық қондырғылар мен басқарудың
орталығына жіберудің негізгі үш тәсілі бар.

    Бірінші тәсіл телеметрияның әдісін қолдануға негізделген. Те-
леметрия – бұл мәліметтерді екі бағытта жіберудің қолайсыз бо-
луы немесе мүмкін емес жағдайда (мысалы, ғарыштық нысандар
жағдайында), перифериялық қондырғылардан орталық процессорға
жіберудің тура тәсілі. Барлық мәліметтер алдын ала белгіленген
форматта үздіксіз беріледі. Бір цикл біткен соң жаңасы басталады.

    Тапсырыс бойынша орындалатын мәліметтерді жинақтау екін-
ші тәсіл болып табылады. Компьютер циклді түрде датчиктердің
ағымдық жағдайын сұрап отырады және де периодты түрде өзінің
мәліметтерінің ішкі базасындағы мәліметтерді жаңартып отырады.
Сұраған кезде, периферилік қондырғылар басқарушы компьютерге
жауап беруі тиіс.

    Үшінші тәсіл алдыңғы тәсілмен салыстырғандағы өзінің мағы-
насын өзгерткен өзгертінділерді ғана жіберуден тұрады. Сандық
өзгергіштер әрбір өзгерісте беріледі, ал аналогты өзгергіштер үшін
белгілі бір өтетін зона беріледі. Жаңа ақпарат аналогты өзгергіш ал-
дыңғы жіберілген мәнге қатысты белгілі бір пайызға өзгерген кезде
ғана орталық процессорға келіп түседі.

    Күрделі әдістерде өзгергішпен өлшенетін ауытқу интегралы
қандайда бір мәнге жеткен кезде мәліметтердің берілісін қосады.
Бұл әдіс ақпаратты жіберу кезінде датчиктермен генерацияланатын
үзулерге негізделген.

    Орындалатын ақпараттардың типтік математикалық операция-
лары сүзу, ең аз, ең көп және орташа мәндерді немесе басқа статис-
тикалық параметрлерді табу болып келеді.

    Мәліметтерді, датчиктерден орталық қондырғыға жіберуге ар-
налған өнеркәсіптік автоматиканың жүйесі, көбінесе үзу мен екінші
және үшінші әдістердің бөлімдерінде қолданылады.

⇐ МАЗМҰНЫ  158
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163