Page 95 - indexf
P. 95

4.3-мысал.
    Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін тақырып: Автоматты
басқару жүйесінің сипаттамасы

    Жұмыстың мақсаты: Сызықты динамикалық жүйенің сипат-
тама тәсілдерін меңгерту және олардың әдістерін MATLAB және
SIMULINK пакеттерінде модельдеу.

    Төменде талап етілетін теориялық материалдар және СӨЖ
орындауға арналған мысалдар берілген. СӨЖ орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулық 2-қосымшада келтірілген.

    4.3.1. Құрылымдық сұлба жүйесінің және беріліс функция-
сының сипаттамасы

    АБЖ модельдеу кезінде төмендегі құрылымдық сұлбалар, бері-
ліс функциялар, дифференциалды теңдеулер, күй айнымалылары
көмегімен модельдеу тәсілдері қолданылады. 4.27-суретте құры-
лымдық сұлба келтірілген. Оның құрамына W1(s), W2(s) беріліс
функцияларымен берілген екі буын және u кіріс сигналымен у шы-
ғыс сигалды салыстыру құрылғысы кіреді.

             4.27-сурет. АБЖ құрылымдық сұлбасы.

Осындай сұлба көмегімен тапсырмада нысандары модельдеу

тәсілдері құрылымдық деп аталады, ол нысан құрылымын нақты

қамтиды.

Айталық, мысал ретінде, буындар ара қашықтығының берілісі

мына  түрде  берілген  болсын  W1(  s  )  =      k    1)  ,  W2 (  s  )  =   1    .
                                             ( T1s +                        T2 s

    Мұндағы, k – күшейту коэффициенті, T1,T2 – белгілі шамалары
бар уақыт тұрақтысы. Буындардың өзара байланысын ескере

отырып, кіріс және шығыс сигналдарын Лаплас түрлендіруімен

байланыстыратын W(s) = Y( s ) эквивалентті беріліс функциясын
                       U( s )
анықтауға болады.

⇐ МАЗМҰНЫ                           95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100