Page 350 - index Bapaeva
P. 350

Оны көрген кәріңмін.
    Одан соңғы Кедей хан
    Оны көрген кәріңмін.
    Онан соңғы Ала хан,
    Оны көрген кәріңмін.
    Онан соңғы Қара хан,
    Оны көрген кәріңмін.
    Құлағы шұнақ Хазар хан,
    Оны көрген кәріңмін.
    Он екі тұтам оқ атқан,
    Онан соңғы ер Шыңғыс,
    Оны да көрген кәріңмін.
    Мұнарасы қырық құлаш
    Өзден сұлтан Жәнібек
    Оны көрген кәріңмін.
    Ұлы бабам Домбауыл,
    Соны көрген кәріңмін.
    Жүз сексенге келгенде,
    Сонша хандар өткенде,
    Жас та болсаң Тоқым хан
    Сені көрген кәріңмін, - дейді ол Тоқтамыс ханға.
    Осынау өлең жолдары расында да Сыпыра жыраудың өз аузы-
нан шыққан болса, оның жасының жүзден әлдеқайда асқандығына
күмән келтіруге болмайды.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік
анықтаудың психологиялық сипаттамалары мен ерекшеліктері.
    2. Қазіргі кездегі геронтология ғылымының қарттық кезеңнің
өзіндік бейнесін қайта құруын, ерекше қабілет функцияларын,
ұзақ өмір сүру проблемасын қарастыруы.

          Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
                                тақырыптары

    1. Кәріліктің әлеуметтік-психологиялық типтері.
    2. Психология ғылымындағы бейімделу ұғымының теориялық
сипаттамасы.

                                    350

⇐ МАЗМҰНЫ
   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354   355