Page 347 - index Bapaeva
P. 347

2) Жетекші іс-әрекеті:
    – Емделу, сырқатымен қалай да күресуге ұмтылысы.
    – Өз өмірінің мағынасын ұғыну кезеңі.
    5. Денсаулығының жағдайы қалыпты күйде ұзақ өмір
сүру (шамамен, 75-80 жастан ары немесе жоғары) кезеңі
төмендегідей құрылымдармен сипатталуы мүмкін.
    1) Дамудың әлеуметтік жағдайы:
    – Отбасында қарт адамның болғанына мақтанатын
жақындарымен, туысқандарымен араласу. Қарт адам отбасының
басқа мүшелерінің болашақта ұзақ өмір сүру символына айнала-
ды.
    – Дені сау ұзақ өмір сүрген қарт үшін жаңа таныстары мен
достары пайда болуы мүмкін.
    – Ұзақ өмір сүрген қарт сирек кездесетін құбылыс
болғандықтан, ол адаммен бұқаралық ақпарат құралдарынан
бастап әртүрлі адамдар араласқысы келеді, сол себептті қарт
таныстарының шеңбері біршама кеңеюі де мүмкін.
    2) Жетекші іс-әрекеті:
    – Жетекші іс-әрекет көбінде қарттың бейімділіктеріне бай-
ланысты болуы мүмкін. Сірә, денсаулығын қалыпта сақтау үшін
дәрігердің ұйғарымынан басқа, денсаулық сезімінің өзі қажет бо-
луы мүмкін
    Осылайша, қарттықта өмірге қанағаттану сезімі орнауы
мүмкін бе деген сұрақтың туындауы орынды. Олай болса, ол
күйзелістің табиғаты қандай болуы мүмкін. «Бақытты қарттық»
ұғымы Н. Ф. Шахматовтың еңбектерінде кеңірек ашылған. Оның
пікірінше, бақытты қарттық бұл – адамның негізгі бағыт бойынша
өзінің қарттық болмысына қатынасы аталмыш әдеп категорияла-
рына сәйкес келген жағдайдағы психикалық өмір.
    Сонымен қатар, қарттардың шығармашылық өнімділігі жайлы
мәселе өзектілігін жоғалтпауда. Анағұрлым интеллектілі адамдар-
да ақыл-есі төмендеудің орнына жасы ұлғайған сайын есінің ар-
туы байқалуы мүмкін. Қарттың интеллекті деңгейінің төмендеуі
не артуы іс-әрекетке еніп, қарттықта тұрақталып, төмендемейтін
көрсеткіштерді айшықтайды. Оның дәлелдерін көптеп келтіруге
болады:
    Микеланджело Буонарроти, мүсінші, суретші (1475-1564) – 89
жас.

                                    347

⇐ МАЗМҰНЫ
   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352