Page 346 - index Bapaeva
P. 346

– Анағұрлым жасырақ адамдарға «ақыл айту» немесе кейде
тіптен «намысына тию» ұмтылысы арта түседі.

    – Кейбір зейнеткерлер үшін аталмыш жас кезеңі өзінің өткен
өмірінің мәнін түсіну ұмтылысы болуы мүмкін: кейбіреулері
бұл кезеңде өмірбаян жазуға бет алуы мүмкін, ал тағы біреулері
міндетті түрде өз тәжірибелерімен және күйзелістерімен бөліскісі
келеді.

    3. Қарттық кезеңі (зейнетке шыққан соң денсаулығының
күрделі нашарлауына дейінгі кезең), адам өз үшін жаңа
әлеуметтік мәртебені меңгеріп, төмендегідей сипаттамалармен
айшықталады:

    1) Дамудың әлеуметтік жағдайы:
    – Негізінен өзі сияқты қарттармен араласады.
    – Қарттың бос уақытын «пайдаланатын» немесе оған
«қамқорлық» көрсететін отбасы мүшелерімен араласуы.
    – Кейбір зейнеткерлер қоғамдық істе өздері үшін жаңа
қатынастарды орнату мүмкіндігіне ие болады (тіптен, кәсіби
қызметін жалғастыруы мүмкін).
    – Кейбір зейнеткерлер үшін өзге адамдармен араласудың
мәні өзгеруі мүмкін, мысалы, кейбір авторлардың пікірінше, қарт
үшін бұрында жақын болған байланыстар біртіндеп, «бұрынғы
жақындығынан айырылып, анағұрлым жалпылана бастайды».
    2) Жетекші іс-әрекеті:
    – Бос уақытта іспен айналысу.
    – Дербес ар-намыс сезімін дәлелдеуге тырысу.
    – Көптеген қарт адамдардың бұл кезеңдегі жетекші іс-әрекеті
о дүниеге аттануға даярлық болуы мүмкін. Олар дінді дәріптеп,
бейіт басына барғыштауы мүмкін.
    4. Денсаулығы күрт нашарлауы жағдайындағы ұзақ өмір
сүру кезеңі денсаулығы тың кезеңнен түбегейлі өзгеше келеді.
    1) Дамудың әлеуметтік жағдайы:
    – Негізінен туысқандарымен сондай-ақ дәрігерлермен, пала-
талас науқастармен (егер қарт стационарлық ем-дом қабылдаған
болса) қарым-қатынаста болу.
    – Қарт адамдарға арналған үйдегі палаталас көршілерімен
қарым-қатынас.
    – Өкінішке орай, көптеген қарттар үйінде үйдегі жағдайдан
гөрі тым нашар болуы мүмкін.

                                    346

⇐ МАЗМҰНЫ
   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351