Page 348 - index Bapaeva
P. 348

Тициан, суретші (1477-1576) – 99 жас.
    Иоганн Вольфганг Гете, жазушы (1749-1832) – 83 жас.
    Джузеппе Верди, композитор (1813-1901) – 88 жас.
    И. П. Павлов, физиолог (1849-1936) – 87 жас.
    Бернард Шоу, жазушы (1856-1950) – 94 жас.
    Этель Войнич, жазушы (1864-1960) – 96 жас.
    А. А. Яблочкина, актриса (1866-1964) – 98 жас.
    Бертран Рассел, математик, философ (1872-1970) – 98 жас.
    Сомерсет Моэм, жазушы (1874-1965) – 91 жас.
    С. Т. Коненков, мүсінші (1874-1971) – 97 жас.
    Альберт Швейцер, ойшыл, дәрігер, музыкант (1875-1965) – 90
жас.
    Мартирос Сарьян, суретші (1880-1972) – 92 жас.
    Пабло Пикассо, суретші (1881-1973) – 92 жас.
    Жамбыл Жабаев, ақын (1846-1945) – 99 жас.
    Қасым Қайсенов, жазушы (1918-2006) – 88 жас.
    Талғат Бигельдинов, Авиация генерал-майоры,  КСРО екі
мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері, ұшқыш (1922) – 91 жас.
    Бұл адамдар өмірінің соңына дейін белсенді шығармашылық
іспен айналысқан. Осылайша, өмір барысында шығармашылық
қабілеттердің өзгеру себептері қарттықтан гөрі, олардың өмір сал-
ты мен дарынды адамдардың мамандығының талаптарына байла-
нысты болуы мүмкін.
    Ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арма-
ны. Өкінішке орай, Қазақстанда осы арманына толық жете алмай
кететіндер саны дамыған елдердегімен салыстырғанда әлдеқайда
көп. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда орташа
өмір сүру жасы 65-67 жас. Бұл Батыс елдерімен салыстырғанда
өте төмен көрсеткіш. Қазір 100-ге келген қариялар бар екен деген
дерек біз үшін таңғаларлық жаңалыққа айналып барады. Жасы
100-ге жеткендердің саны бар болғаны 25 адам ғана. Ұзақ өмір
сүру көрсеткіштері бойынша біздің ел 153, ал Украина 151 орын-
да.
    Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адамдар
    Жалпы, адамзат тарихында ең көп өмір сүрген адам қытайлық
Ли Цинъюнь деп есептеледі. Ол 256 жыл өмір сүрген. (1677-1933).
Ширали Муслимов деген адам 168 жыл өмір сүрген. Одан кейінгі
орында француз әйелі Жанна-Луиза Кальманды айтуға болады.

                                    348

⇐ МАЗМҰНЫ
   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353