Page 349 - index Bapaeva
P. 349

Ол 1997 жылы 122 жасында қайтыс болған. Насир Аль-Нажри
Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады. Биыл ол 136 жасқа толады.
Одан кейінгі орында 125 жыл өмір сүрген тайваньдық әйел Ху Йе-
Мейді айтуға болады. Ұзақ жасау жөнінен Ресей де қалыс қалмай
келеді. Онда Сархат Ибрагимовна деген әйел 131 жыл өмір сүрген.
Биылғы санақ кезінде еліміздегі ең ұзақ өмір сүрген адам тіркелді.
Қарағандылық Сахан Досова деген әже 2009 жылы 9 мамыр күні
130 жасында қайтыс болды.

    Шамамен, ХIV ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген
Сыпыра жыраудың қанша жыл өмір сүргендігі туралы нақты де-
рек жоқ.

    Сыпыра көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған жандардың
бірі болған деседі. Бұл мәліметті негізге алсақ, Сыпыра 1213-
1393 жылдар арасында өмір сүрген болып шығады, оның қанша
жыл өмір сүргендігі жайында бірнеше дерек бар. Деректердің
бірінде Сыпыра 120 жыл өмір сүрсе, екіншісінде 180 жасында
қайтыс болған дейді. Тағы бір аңызда оның жасын тіпті 390-да
деп көрсеткен. Әрине, үшінші нұсқасында тым асыра көрсетіліп
жіберілген шығар. Алайда, жыраудың бірнеше ханның көзін
көріп, оларға ақылшы болғанын ескерсек, бірінші және екінші
нұсқаларын шындыққа жақын жорамал деуімізге болады.
Сыпыраны суреттейтін жолдар қазақтың «Ер Тарғыны» мен
«Едіге батыр» жырларында да кезігеді. Әйгілі «Ер Тарғын» жы-
рында ол «Жүзден асқан жасында басынан тоғыз ханды өткізіп,
толғау айтып тоғыз ханды түзеткен қарт» болып суреттелсе,
«Едіге» жырында Сыпыра көптеген хандарды бастан өткізген, 180
жастағы «сұм аяқ, сұпа бөрікті» сұңғыла қария:

    Аузында отыз тісі жоқ,
    Адам көрер түсі жоқ,
    Сұм аяқ, сұпа бөрікті,
    Сыпыра сынды сұм жырау.
    Жібекпен жағын тарттырып,
    Салтанатқа үлде мен бүлде арттырып,
    Алып бір келші деп еді...
    Аңыздардың бірінде жырау өзі туралы былай дейді:
    Мен қартыңмын қартыңмын,
    Не көрмеген қартыңмын.
    Бастыққа бастық, Бастық хан,

                                    349

⇐ МАЗМҰНЫ
   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354