Page 345 - index Bapaeva
P. 345

– Зейнеталды жас шамасындағы адамдар немерелері дүниеге
келгенде өздерін барынша жүзеге асыруға талпынған қызметі мен
маңызы жұмысынан кем түспейтін немерелерін тәрбиелеуді бірге
алып жүруде қиындықтарды кешіруі.

    – Зейнеталды жас шамасының соңына қарай (әсіресе,
жұмысымен қош айтысу ықтималдығы тым жоғары болса) зей-
нетке шыққанда айналысатын істі таңдау, өзінің алдағы өмірін
қалайда жоспарлау талпынысы байқалады.

    2. Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі
алғашқы жылдары) – бұл ең алдымен жаңа әлеуметтік рөлді,
мәртебені меңгеру. Жалпы алғанда, аталмыш кезең төмендегідей
жағдайлармен ерекшеленеді:

    1) Дамудың әлеуметтік жағдайы, %
    – Ескі қатынастар (жұмысындағы қызметтестері) алғашқы
кезде сақталынғанымен, біртіндеп сирей бастайды.
    – Жақындарымен және туыстарымен араласу (сәйкесінше,
туысқандарының тарапынан «тәжірибесіз» зейнеткерлерге деген
түсінісушілікпен назар аудару қажет).
    – Біртіндеп зейнеткер-достар немесе жасы неғұрлым жасырақ
өзге адамдар (ол зейнеткердің қандай іспен айналысып, кіммен
араласатынына байланысты болады) пайда бола бастайды.
    – Көп жағдайда зейнеткердің туысқандары мен таныстары
«уақыты онсыз да көп» зейнеткердің немерелерімен көбірек ай-
налысуына тырысуы мүмкін, сондықтан адамның балалары-
мен және немерелерімен қарым-қатынасы да зейнеткерлердің
әлеуметтік жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі деп са-
налады.
    2) Жетекші іс-әрекеті:
    – Ең алдымен, аталмыш жас шамасы адамның өзін жаңа
қырынан тану, күш-қуатын ақиқаттың әрқилы жаңа түрлерінде
сынап көру ұмтылысы (немерелерін тәрбиелеу, үй шаруысымен
айналысу, жаңа қатынастарды орнату, қоғамдық ақиқатты тану
т.с.с.), яғни «байқау және қателесу» әдісі арқылы өзін-өзі анықтау;
жалпы алғанда зейнеткердің уақыты көп болады, сондықтан ол
жоғарыда аталғандардың барлығына уақыт бөле алады.
    – Зейнеткерлердің көбі зейнетке шыққанымен алғашында
мамандығы бойынша бұрынғы жұмысын жалғастырады; ондай
жағдайда қызмет еткен зейнеткердің дербес мәнділік сезімі арта
түседі.

                                    345

⇐ МАЗМҰНЫ
   340   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350