Page 356 - index Bapaeva
P. 356

1-ҚОСЫМША

                                 ГЛОССАРИЙ

    Шартсыз рефлекстер – нақты сыртқы қоздырғыштарға ав-
томатты, ырықсыз түрде жауап беру. Кейбір рефлекстер сыртқы
әлемге физиологиялық бейімделуді қамтамасыз етіп, кейіннен
ему, іздеу, тамақтану, қорғану және т.с.с. рефлекстерінде
сақталады. Басқа рефлекстер атавистік сипатта болып, жануарлар
тегінен алынған мұраны білдіреді.

    Саналылық – мән арқылы анықталады, өйткені тілде
(сөйлеуде) көрініс табатын дүниенің барлығы саналы.

    Онтогенез – туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара
даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен
және жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму
ретінде анықталған ұғымға сәйкес келмейді.

    Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай
организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері,
мөлшерлерінің ұлғаюы.

    Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу
үдерісі. Даму әрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа
қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған
сәйкес даму объектісі – оқшауланған элемент емес, жүйе болып
табылады.

    Дағдарыс – онтогенетикалық дамудағы дамудың бұзылуы.
    Конвергенция – тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-
бірі толықтыруы мен өзара әрекеттесуін болжайтын ортақтастық.
    Жетілу – генетикалық жоспарға сәйкес органикалық өсу мен
дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық және сапалы
өзгерістерді қамтиды.
    Салыстырмалы әдіс – сыналушылардың немесе
таңдаулардың әртүрлі топтарының салыстырылуы.
    Лонгитюдті әдіс немесе «бойлай қима» әдісі – бір адамның
уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуі.
    Эмпирикалық әдістер – бақылау және өзіндік бақылау; экс-
перимент және психодинамикалық әдістері (тестер, анкеталар,
сұрақнамалар, социометрия, сұхбаттасу және әңгімелесу) іс-
әрекеттің үдерістері мен нәтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық

                                    356

⇐ МАЗМҰНЫ
   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361