Page 358 - index Bapaeva
P. 358

Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған және
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;

    Идентификация – едәуір құдіретті және билікке ие
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;

    Изоляция – ойлардың немесе әрекеттердің уақытша ретін
(мәселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін
тәсілдердің жиынтығы;

    Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз
аффектінің шынайы бастауын құдіреті және қауіп-қатері
неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;

    Рационализация – жалған дәлелдің көмегімен ақиқаттың
бұрмалануы;

    Сублимация – инстинктивті тума әуестіктердің әлеуметтік
қалаулы және қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.

    Операциялар – өзге әрекеттер арқылы біртұтас жүйеге
реттелген әрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі
әрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып,
негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.

    Метаморфоза заңы – дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы
өзгерісі.

    Инстинкт – тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің
барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.

    Дағдылар немесе жаттықтыру – тума емес, үйретудің
нәтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едәуір кеңірек.

    Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді
қажет етпейді, қиын жағдаяттың мәнді қатынастарын күтпеген
жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).

    Сексуалды мақсат – ләззат алудың бастауы болып табыла-
тын денедегі эрогенді аймақ.

    Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес
көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған әлемге
қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы.
Дербес ұстанымы бойынша әлемді тану, пәнге қатысты әртүрлі
көзқарастарды реттей алмаушылық;

    Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да
ықтималды көзқарастармен реттеу.

                                    358

⇐ МАЗМҰНЫ
   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363